Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесіне құтыру ауруы бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7- тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 27 қазандағы №08-02-07/330 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Төлеби ауданының, Киелітас ауылдық округіне қарасты Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесі №34 үйден иттің «құтыру» ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесіне шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкімінің орынбасары Н.Садықбековке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Киелітас ауылдық округінің әкімі
П.Туребеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.