Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 желтоқсан 2023 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ростов ауылдық округінің әкімінің ШЕШІМІ:

    1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ростов ауылдық округі Ростовка ауылында байланыс мұнаралары талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін ауданы 0,0600 га жер учаскесін 5 (бес) жыл мерзімінде қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:

    1) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне шығындарды өтеуді және оларды өтеу тәртібін қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

    2) жер учаскесін пайдаланудағы шектеулермен ауыртпалықтар: санитарлық және экологиялық талаптар сақталсын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Ростов ауылдық округінің әкімі

    Т.Ргебаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.