«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 наурыз 2026 ж.

    «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрі

    А. Ескараев

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрі

    2023 жылғы 16 қазандағы

    № 740 Бұйрығымен

    бекітілген

    «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.

    2. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі- ЖМБМК АЖ) жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) жылжымайтын мүлік объектілерінің өзгертілген мәліметтерін өтініш негізінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына енгізуді білдіреді.

    3. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының негізінде ЖМБМК АЖ-де қате мәліметтер жолданған жағдайда жүзеге асырылады.

    4. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

    5. Көрсетілетін қызметті алушы – жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

    6. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген қабылдау туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

    2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    7. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 1-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі-өтініш) және осы Қағидалардың 2-қосымшасы на сәйкес «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі-Тізбе) көзделген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) береді.

    8. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы түріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және/немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

    9. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш келіп түскен кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш қабылдайды, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындайды және орындауға жібереді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін құқықтық кадастрға түзетуді өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде енгізеді.

    Тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына келісуге және қол қоюға жібереді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) туралы хабарламаны осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған портал арқылы көрсетілетін қызметті алушы порталының «жеке кабинетіне» немесе өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы жібереді.

    10. Тізбеде көрсетілген порталдың «жеке кабинетіне» немесе көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтініші келіп түскен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметтен дәлелді бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.

    11. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» Мемлекеттік корпорацияның филиалдары жүзеге асырады.

    12. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын (бұдан әрі – оператор) және көрсетілетін қызметті алушы дереу хабардар етеді.

    Бұл жағдайда оператор ақпараттық жүйенің істен шығу себебін айқындау жөнінде шаралар қабылдайды және 1 жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

    3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

    Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай

    мемлекеттік кадастры ақпараттық

    жүйесіндегі жылжымайтын мүлік

    объектілерінің мәліметтерін

    өзектендіру (түзету)» мемлекеттік

    көрсетілетін қызметті

    қағидаларына 1-қосымша

    Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) туралы өтініш

    Жеке тұлғалар үшін: Азаматтан (ЖСН) ___________________________________________________________ __________________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы) __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ (құжаттың деректемелері)

    Заңды тұлғалар үшін: Заңды тұлғаның толық атауы_________________________________ Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі_______________________ Мемлекеттік тіркеу күні________, БСН________________________________ Заңды мекенжайы:

    __________________________________________________________________________ (басшының) __________________________________________________________________________ (құжаттың деректемелері)

    Түзету жүргізуді сұраймын (қажеттісін белгілеу керек): жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы (мекенжайды құқық белгілейтін құжатқа сәйкес келтіру)____________________________________ жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі:___________________ жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары:_____________________________________________________

    - объектінің ауданы; - объектінің қабаттылығы; - құрамдас бөліктердің саны; - жылжымайтын мүлік түрі, үлгісі; - нысаналы мақсаттар; - бөлінетіндігі (ЖУ); - құқық түрі; - меншік нысаны; - жүргізілген тіркелу күні;

    құқық иеленушінің дұрыс емес деректері (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, ЖСН) _______________________________________________________ құқық белгілейтін құжаттардың дұрыс емес деректері (құжаттың күні, нөмірі_____________________________________________________________ жылжымайтын мүліктің қате тіркелген құқықтары_______________________ Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:__________________________ __________________________________________________________________

    Өтініш берушінің электрондық пошта мекенжайы (болған жағдайда)______ Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) 1. ___________________________________________________________ 2. _________________________________________________________________ Өтініш берілген күні: 20_____ жылғы______________. Өтінішті қабылдау күні: 20_____ жылғы______________ . Өтініш берушінің не оның өкілінің қолы: _______________________________ (тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы _____________________________________________ Уақыт: __________________ сағат _____________ минут.

    Ескертпе:

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

    Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігімен танысуды өз қолымен растайды, ал көрсетілген баланыстарға бағытталған хабарлама (хабарлау) тиісті және жеткілікті деп есептеледі.

    _______________ 20__ жылғы «___» ________. (қолы) (күні)

    «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай

    мемлекеттік кадастрының ақпараттық

    жүйесінде жылжымайтын мүлік

    объектілерінің мәліметтерін өзектендіру

    (түзету) мемлекеттік қызмет

    көрсету қағидаларына»

    2-қосымша

    «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы: «Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік ка­даст­ры ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де­гі жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі­нің мә­лі­мет­те­рін өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту)»
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы­ның (бұ­дан әрі-Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) фи­ли­ал­да­ры.
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы және «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ар­қы­лы: қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қо­са бе­ре оты­рып, өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нен кей­ін­гі 1 жұ­мыс кү­ні ішін­де.
    2) пор­тал­да www.​egov.​kz: қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қо­са бе­ре оты­рып, өті­ніш бе­рі­л­ген сәт­тен ба­стап 2 са­ғат ішін­де.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік ка­даст­ры ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де­гі жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сі­нің қа­те мә­лі­мет­те­рін тү­зе­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма, неме­се жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік ка­даст­ры ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де­гі жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі­нің мә­лі­мет­те­рін өзек­тен­ді­ру­ден (тү­зе­ту­ден) дәлел­ді бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция мен ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
    1) Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің нәти­же­ле­рін бе­ру Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның фи­ли­ал­да­ры ар­қы­лы дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін үзі­ліс­сіз, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ке­зек­ші бө­лім­де­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес ме­ре­ке және де­ма­лыс күн­де­рі­нен бас­қа дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ра­ды.
    2) Пор­тал ар­қы­лы – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы құ­жат­тар­ды бер­ген кез­де: 1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) Же­ке ку­ә­лік неме­се оның цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жа­ты (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін).
    3) Жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сіне құқық бел­гі­лей­тін және сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры.
    Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де:
    1) ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) Жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сіне құқық бел­гі­лей­тін және сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­дар­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау.
    2. «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар­ды көз­дей­ді
    Өз-өзіне қыз­мет көр­се­ту­ді, өзді­гі­нен қоз­ға­лу­ды, бағ­дар жа­са­уды жү­зе­ге асы­ру қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық неме­се жар­ты­лай жо­ғал­тқан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші құ­жат­тар қа­был­да­уды 1414, 8 800 080 7777 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну жо­лы­мен тұ­ра­тын же­ріне ба­ра оты­рып жүр­гі­зе­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да – www.​gov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның або­нент­тік нө­мі­рін тір­ке­ген және пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на қо­с­қан жағ­дай­да элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба неме­се бір рет­тік па­роль пай­да­ла­ны­л­ған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған субъ­ек­ті­лер үшін қол­же­тім­ді.

    «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай

    мемлекеттік кадастры ақпараттық

    жүйесіндегі жылжымайтын мүлік

    объектілерінің мәліметтерін

    өзектендіру (түзету)» мемлекеттік

    көрсетілетін қызметті

    қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» туралы хабарлама

    («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы) 20_жылғы «_»_____№:____өтініш бойынша ұсынылған құжаттарды қарап және жылжымайтын мүлік объектісінің архив ісінің материалдарын зерделеп, жүргізілген жылжымайтын мүліктің біріңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) туралы хабарлайды.

    Тіркеуші _____________________________ ________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Басшы ___________________________ М. О. ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________________________ қолы

    «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай

    мемлекеттік кадастры ақпараттық

    жүйесіндегі жылжымайтын мүлік

    объектілерінің мәліметтерін

    өзектендіру (түзету)» мемлекеттік

    көрсетілетін қызметті

    қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзетуден) дәлелді бас тарту туралы хабарлама

    Бірегей өтініш №: ______________________ күні __________________________________ Бас тартуға негіз: _____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ (дәлелді бас тарту мәтінін көрсетілетін қызметті беруші қалыптастырады)

    Аталған құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

    Тіркеуші __________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Басшы ___________________________ М. О. ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________________________ қолы

    «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай

    мемлекеттік кадастры ақпараттық

    жүйесіндегі жылжымайтын мүлік

    объектілерінің мәліметтерін

    өзектендіру (түзету)» мемлекеттік

    көрсетілетін қызметті

    қағидаларына

    5-қосымша

    __________________________

    аты, әкесінің

    аты (жеке басын куәландыратын

    құжаттарда көрсетілсе), тегі) не

    көрсетілетін қызметті

    алушының атауы)

    __________________________

    (көрсетілетін қызметті

    алушының мекенжайы)

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атаулары:

    1)________________________________________;

    2)________________________________________;

    3)_______________________________ ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті

    «____________________________________» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әр

    тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды. ___________________________________________________________________________

    (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі қолы)

    Орындаушы: берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі ___________ Телефоны __________

    Алдым:

    берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі /көрсетілетін қызметті алушының қолы ____________________ 20__ жылғы «___» _________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.