«Облыстық және аудандық бюджеттер, облыстық маңызы бар қала бюджеті арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 154 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Респбликасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 4-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Облыстық және аудандық бюджеттер, облыстық маңызы бар қала бюджеті арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 154 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ мынадай редацияда жазылсын:
«4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыруға бағытталатын бюджет қаражатының ең төмен көлемі ескерілсін.»;
аталған шешімнің 1, 2-қосымшалары алып тасталсын.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы
Н. Байқадамов
Қызылорда облыстық мәслихатының
2023 жылғы «27» қазандағы
№ 52 шешіміне қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының
2022 жылғы «13» желтоқсандағы
№ 154 шешіміне 3-қосымша
«Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыруға бағытталатын бюджет қаражатының ең төмен көлемі
мың теңге
|
№
|
Атауы
|
2023 жыл
|
2024 жыл
|
2025 жыл
|
|
1
|
Қызылорда қаласы
|
318 264,0
|
332 586,0
|
344 226,0
|
|
Барлығы
|
318 264,0
|
332 586,0
|
344 226,0
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.