Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 188 «Бейнеу ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қазан 2023 ж.

    Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі №188 «Бейнеу ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Бейнеу ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4263 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға 1 қосымшада:

    реттік нөмірі 1 жол жаңа редакцияда жазылсын:

    «

    1
    Бейнеу ауылының С.Қилыбаев пен Шиланды көшелерінің қиылысында
    600 шаршы метр
    5 жыл
    ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
    ауыл шаруа шылығы өнімі
    автодүкен; автомат; дүңгiршек; жылжымалы сөре; шатыр (павильон).
    »;
    орыс тіліндегі реттік нөмірлері 2, 7, 8, 13-жолдарға өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Бейнеу ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы

    Ж. Темиров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.