Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 «Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы №10/76 «Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы №10/76 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2241 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 2 тармағы алып тасталсын;

    көрсетілген шешіммен бекітілген Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

    орыс тіліндегі 1 тармақтың бірінші абзацына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

    2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.»;

    5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы

    А. Нугманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.