Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 мамыр 2025 ж.

    Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 376) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы

    И. Оспанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс

    министрінің

    міндетін атқарушының

    2023 жылғы 23 қазандағы

    № 36 Бұйрығымен

    бекітілген

    Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 376) тармақшасына сәйкес әзірленген және екі және одан да көп облыстардың (не олардың бөліктерінің), агломерациялардың, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын есептемегенде әлеуметтік-экономикалық немесе экологиялық аймақтардың аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын (бұдан әрі – Өңіраралық схемалар) әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін белгілейді.

    2-тарау. Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі

    2. Өңіраралық схемалар Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзірленеді, екі және одан да көп облыстардың (не олардың бөліктерінің), агломерациялардың, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң шекараларын есептемегенде, әлеуметтiк-экономикалық немесе экологиялық аймақтардың аумақтарында өзара келісілген (біріктірілген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі үшін қызмет етеді және мыналарды:

    1) жоспарланатын аумақты аймаққа бөлуді;

    2) аумақтың қала құрылысын игеруді және дамытуды;

    3) қоныстандыру, өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндіргіш күштерді, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды орналастыру жүйесін кешенді дамыту жөніндегі шараларды;

    4) табиғатты ұтымды пайдалану, ресурстармен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды айқындайды.

    3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) бірігіп өңіраралық схемаларды әзірлеуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

    Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабы 4-1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес әзірлеушіні (бас жобалаушыны) айқындайды.

    4. Тапсырыс беруші жобалауға арналған тапсырманы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресімдейді және бекітеді, онда Өңіраралық схемалардың құрылымын, бастапқы деректерді алу және Өңіраралық схемаларды келісу тәртібін айқындайды.

    5. Аумақтың шекарасы жобалауға арналған тапсырмада белгіленеді, оның шегінде Өңіраралық схема әзірленеді.

    6. Өңіраралық схемаларды әзірлеуге арналған бастапқы материалдар жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ тиісті ЖАО-мен дайындалады және сұрау салу түскен күнен бастап он жұмыс күні ішінде әзірлеушіге (бас жобалаушыға) беріледі.

    7. Тапсырыс беруші Өңіраралық схемалардың жобаларын қарауға және келісуге мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

    Агломерацияларды аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларының жобасы да агломерациялардың жергілікті кеңестерімен келісіледі.

    8. Өңіраралық схемалардың жобасы бекітілгенге дейін «Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 706 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12414 болып тіркелген) Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді.

    9. Кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен және оны бекіткенге дейін оң қорытындысын алған Өңіраралық схемаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

    10. Кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтпеген және оң қорытындысын алмаған Өңіраралық схемалар келісуге жатпайды.

    11. Өңіраралық схемаларды Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

    12. Өңіраралық схемалардың бекітілетін бөлігі Өңіраралық схеманың негізгі ережелері, негізгі сызбасы және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері болып табылады.

    13. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін векторлық түрдегі бекітілген Өңіраралық схемаларды ұсыну «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу,

    келісу және бекіту

    қағидаларына

    1-қосымша

    Жобалауға арналған тапсырма

    БЕКІТЕМІН:

    (лауазымы, ұйым)

    ______________________

    (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))

    ______________________

    (қолы)

    ______________________

    (күні)

    1. Қала құрылысы жобасының түрі

    __________________________________________________________________________

    2. Тапсырыс беруші

    __________________________________________________________________________

    __________________________________________________________________________ (толық және қысқартылған атауы)

    3. Жобалау ұйымы (әзірлеуші)

    __________________________________________________________________________

    __________________________________________________________________________ (толық және қысқартылған атауы)

    _________________________________________________________________________

    4. Жобалау үшін негіздеме

    ________________________________________________________________________

    5. Қала құрылысын жоспарлау немесе аумақтарда құрылыс салу объектісі, оның негізгі сипаттамалары

    ________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    6. Жобалау кезеңдері бойынша ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына және нысанына қойылатын негізгі талаптар, жұмыстарды орындау реті мен мерзімдері

    _________________________________________________________________________

    __________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________

    7. Жобалау үшін бастапқы ақпаратты ұсынудың құрамы, орындаушылары, мерзімдері мен тәртібі

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________

    8. Қала құрылысы жобасының осы түрін келісетін уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың тізбесі

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    9. Келісуші ұйымдардың қала құрылысы жобасының әзірленетін түріне қойылатын талаптары

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    __________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    10. Жобалау алдындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инженерлік іздестірулерді жүргізудің құрамы мен тәртібі (қажет болған жағдайда)

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    11. Әзірленетін қала құрылысы жобасына келісу және сараптама жүргізуді ұйымдастыру тәртібі

    __________________________________________________________________________

    __________________________________________________________________________

    __________________________________________________________________________

    __________________________________________________________________________

    12. Өзге талаптар мен шарттар: орындаушыдан ______________________________ (лауазымы, ұйым) ____________________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (қолы)

    ____________________________________________________________________________ (күні) уәкілетті (немесе жергілікті атқарушы) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері және құрылыс __________________________________________________________ (лауазымы, ұйым) ____________________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (қолы)

    ____________________________________________________________________________ (күні) өзге Келісуші ұйымдардан ________________________________________________ (толық атауы) (лауазымы, ұйым) ____________________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (қолы) ____________________________________________________________________________ (күні)

    Ескертпе. Тапсырманың мазмұны қала құрылысы құжаттамасының жекелеген түрлерін және қала құрылысын жоспарлау мен құрылыс салу объектісінің ерекшелігін әзірлеуге қойылатын талаптарға сәйкес нақтылануы мүмкін.

    Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу,

    келісу және бекіту

    қағидаларына

    2-қосымша

    Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері

    Р/с №
    Көр­сет­кіш­тер
    Өл­шем бір­лі­гі
    Қа­зір­гі жағ­дайы
    Бі­рін­ші ке­зең
    Есеп­тік
    ке­зең
    Бо­лжам­ды ке­зең
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    1
    Аумақ
    1)
    Бар­лы­ғы
    мың гек­тар
    оның ішін­де:
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер
    мың гек­тар /%
    ел­ді ме­кен­дер­дің жер­ле­рі, оның ішін­де:
    -//-
    қа­ла­лық
    -//-
    ауыл­дық
    -//-
    өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс, ға­рыш қыз­ме­ті, қор­ға­ныс, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік мұқ­та­жы­на ар­нал­ған жер және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ма­ған өзге де жер
    -//-
    ерекше қор­ға­ла­тын аумақ­тар­дың же­рі
    -//-
    са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық және та­ри­хи-мә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер
    -//-
    ор­ман қо­ры­ның же­рі
    -//-
    су қо­ры­ның жер­ле­рі
    -//-
    босал­қы жер
    -//-
    2
    Ха­лық
    -//-
    1)
    Бар­лы­ғы
    мың адам
    оның ішін­де:
    қа­ла хал­қы­ның са­ны
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның%
    ауыл хал­қы­ның са­ны
    -//-
    2)
    Ха­лық­тың та­би­ғи қоз­ға­лы­сы­ның көр­сет­кіш­те­рі:
    ту­ған­дар са­ны
    -//-
    өл­ген­дер са­ны
    өсуі/ке­муі
    3)
    Ха­лық­тың кө­ші-қон көр­сет­кіш­те­рі:
    кел­ген­дер­дің са­ны
    кет­кен­дер са­ны
    өсуі/ке­муі
    -//-
    4)
    Қа­ла­лар са­ны­нан, бар­лы­ғы
    бір­лік
    ірі (есеп­тік са­ны 501,0 мың адам­нан аса­тын)
    -//-
    үл­кен (ха­лық­тың есеп­тік са­ны 101,0-ден 500,0 мың адам­ға дей­ін)
    -//-
    ор­та­ша (ха­лық­тың есеп­тік са­ны 51,0-ден 100,0 мың адам­ға дей­ін)
    -//-
    ша­ғын (ха­лық­тың есеп­тік са­ны 50,0 мың адам­ға дей­ін)
    -//-
    5)
    Кент­тер
    -//-
    6)
    Ауыл­дар
    -//-
    7)
    Ха­лық­тың тығ­ы­зды­ғы
    мың адам /100 ки­ло­метр2
    8)
    Ауыл хал­қы­ның тығ­ы­зды­ғы
    -//-
    9)
    Ха­лық­тың жас құ­ры­лы­мы:
    15 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның%
    ең­бек­ке қа­бі­лет­ті жас­та­ғы ха­лық
    (ер­лер 16-62 жас,
    әй­ел­дер 16-59 жас)
    -//-
    ең­бек­ке қа­бі­лет­ті жастан ас­қан ха­лық
    -//-
    10)
    Жұ­мыспен қам­ты­л­ған ха­лық са­ны-бар­лы­ғы
    мың адам
    11)
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша жұ­мыспен қам­ты­л­ған ха­лық
    мың адам/жұ­мыспен қам­ты­л­ған ха­лық са­ны­ның%
    оның ішін­де:
    -//-
    өнер­к­ә­сіп
    -//-
    құ­ры­лыс
    -//-
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы
    -//-
    бі­лім
    -//-
    ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
    -//-
    өзге­ле­рі
    -//-
    3
    Эко­но­ми­ка­лық әле­ует
    1)
    Өнер­к­ә­сіп өн­ді­рі­сі­нің кө­ле­мі
    мил­ли­ард тең­ге
    2)
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­ді­ру кө­ле­мі
    -//-
    4
    Тұр­ғын үй қо­ры
    1)
    Бар­лы­ғы
    жал­пы аудан­ның мың метр2,%
    оның ішін­де:
    қа­ла­лық ел­ді ме­кен­дер­де
    -//-
    ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де
    -//-
    2)
    Ха­лық­тың тұр­ғын үй­дің жал­пы ауда­ны­мен қам­та­ма­сыз еті­луі:
    метр2/
    адам
    қа­ла­лық ел­ді ме­кен­дер­де
    -//-
    ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де
    -//-
    5
    Ха­лық­қа әле­умет­тік және мә­де­ни-тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту объ­ек­ті­ле­рі
    1)
    Жо­ға­ры оқу орын­да­ры
    бір­лік/
    сту­дент­тер
    2)
    Мек­теп­ке дей­ін­гі, ба­ста­уыш және ор­та кә­сіп­тік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
    ти­іс­ті бір­лік­тер
    Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
    бір­лік/оқуш­ла­ры
    Күн­діз­гі жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер
    бір­лік/
    мың орын
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    бір­лік/
    мың орын
    3)
    Мә­де­ни­ет және өнер ұй­ым­да­ры:
    ти­іс­ті бір­лік­тер
    оның ішін­де:
    те­атр­лар
    бір­лік/орын
    ки­но­те­ат­ры
    бір­лік/орын
    кі­та­п­ха­на­лар
    бір­лік/мың том
    клуб тип­тес ұй­ым­дар
    бір­лік/орын
    4)
    Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры (ау­ру­ха­на­лар, ем­ха­на­лар, пер­зент­ха­на­лар, фельд­шер­лік-аку­шер­лік пункт­тер және бас­қа да ме­ди­ци­на­лық пунк­тер):
    -//-
    оның ішін­де:
    Ста­ци­о­нар­лық кө­мек көр­се­те­тін ұй­ым­дар
    тө­сек
    Ам­бу­ла­то­ри­я­лық-ем­ха­на­лық кө­мек көр­се­те­тін ұй­ым­дар
    ауы­сым­ға ке­лу
    5)
    Ши­па­жай-ку­рорт мақ­сат­та­ғы, де­ма­лыс және ту­ри­ст­тік (ши­па­жай­лар, пан­си­о­нат­тар, де­ма­лыс үй­ле­рі, ла­герь және бас­қа­лар) объ­ек­ті­лер
    тө­сек-орын
    6)
    Әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету ұй­ым­да­ры
    оның ішін­де:
    Ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік ме­ке­ме­лер
    Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік ме­ке­ме­лер
    Ста­ци­о­нар­лық және жар­ты­лай ста­ци­о­нар­лық үл­гі­де­гі ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ұй­ым­дар (оның ішін­де пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық па­то­ло­ги­я­лар және ті­рек- қи­мыл ап­па­ра­ты­ның бұ­зы­луы)
    бір­лік/орын
    7)
    Ха­лық­қа әле­умет­тік және мә­де­ни­ет-тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту­дің өзге де объ­ек­ті­ле­рі
    ти­іс­ті бір­лік­тер
    6
    Кө­лік­тік ин­фра­құ­ры­лым
    1)
    Қа­ты­нас те­мір жол­да­ры­ның ұзынды­ғы
    ки­ло­метр
    2)
    Ке­піл­ді те­рең­ді­гі бар ке­ме жү­зе­тін өзен жол­да­ры­ның ұзынды­ғы
    -//-
    3)
    Ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның ұзынды­ғы, бар­лы­ғы
    ки­ло­метр
    оның ішін­де:
    рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар (ха­лы­қа­ра­лық ма­ңы­зы бар)
    -//-
    об­лы­стық ма­ңы­зы бар
    -//-
    аудан­дық ма­ңы­зы бар
    -//-
    4)
    Газ құ­быр­ла­ры­ның ұзынды­ғы
    ки­ло­метр
    5)
    Мұ­най құ­быр­ла­ры­ның ұзынды­ғы
    ки­ло­метр
    6)
    Кө­лік же­лі­сі­нің тығ­ы­зды­ғы:
    ки­ло­метр /100 ки­ло­метр 2
    те­мір­жол
    -//-
    ав­то­мо­биль
    -//-
    7)
    Әу­е­жай­лар
    бір­лік
    оның ішін­де:
    ха­лы­қа­ра­лық ма­ңы­зы бар
    -//-
    мем­ле­кет­тік (ұлт­тық)
    -//-
    жер­гі­лік­ті
    -//-
    же­ке
    -//-
    7
    Ин­же­нер­лік ин­фра­құ­ры­лым
    1)
    Су­мен жаб­дық­тау:
    Же­ра­с­ты көз­де­рі­нің ре­сур­ста­ры
    мил­ли­он метр3/ жы­лы­на
    Же­рү­сті көз­де­рі­нің ре­сур­ста­ры
    -//-
    Су тұ­ты­ну - бар­лы­ғы
    мың метр3/ тәу­лі­гіне
    оның ішін­де:
    ша­ру­а­шы­лық-ауыз­су мұқ­таж­да­ры­на
    -//-
    өнер­к­ә­сіп­тік қа­жет­ті­лік­тер­ге
    -//-
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мұқ­таж­да­ры­на
    -//-
    1 адам­ға ор­та­ша тәу­лік­тік су тұ­ты­ну.
    литр/тәу­лі­гіне бір адам­ға
    Су бұ­ру-бар­лы­ғы:
    мил­ли­он метр3/жы­лы­на
    су объ­ек­ті­ле­ріне
    -//-
    2)
    Электр­мен жаб­дық­тау:
    Ор­на­ты­л­ған қу­ат, бар­лы­ғы
    Ме­га­Ватт
    оның ішін­де:
    гид­ро­элек­тро­стан­ци­я­лар
    %
    жы­лу электр стан­ци­я­ла­ры
    -//-
    атом электр стан­ци­я­ла­ры
    жа­ңар­ты­ла­тын энер­гия көз­де­рі
    %
    Есеп­тік қа­жет­ті­лік:
    мил­ли­он ки­ло­Ватт/са­ға­ты­на
    оның ішін­де:
    ком­му­нал­дық-тұр­мыстық қа­жет­ті­лік­тер
    -//-
    өн­ді­рі­стік қа­жет­ті­лік­тер
    -//-
    Кер­не­уі 35 ки­ло­Вольт және одан жо­ға­ры электр бе­ру же­лі­ле­рі­нің ұзынды­ғы
    ки­ло­метр
    3)
    Жы­лу­мен жаб­дық­тау:
    Ор­на­ты­л­ған қу­ат
    мың Ги­га ка­ло­рия/са­ға­ты­на
    Есеп­тік қа­жет­ті­лік:
    Мил­ли­он Ги­гак ало­рия
    оның ішін­де:
    ком­му­нал­дық-тұр­мыстық қа­жет­ті­лік­тер
    -//-
    өн­ді­рі­стік қа­жет­ті­лік­тер
    -//-
    4)
    Га­з­бен жаб­дық­тау:
    Есеп­тік қа­жет­ті­лік:
    мил­ли­он метр3/ жы­лы­на
    оның ішін­де:
    -//-
    ком­му­нал­дық-тұр­мыстық қа­жет­ті­лік­тер
    өн­ді­рі­стік қа­жет­ті­лік­тер
    -//-
    5)
    Бай­ла­ныс және те­ле­ди­дар
    Ин­тер­нет­ті пай­да­ла­ну­шы­лар са­ны
    бар­лық ха­лық­тың %
    8
    Та­би­ғат­ты қор­ғау және та­би­ғат­ты ұтым­ды пай­да­ла­ну
    1)
    Та­би­ғи ор­та­ның ла­ста­ну дең­гейі жо­ға­ры қа­ла­лар са­ны
    бір­лік
    2)
    Ла­ста­у­шы заттар­дың жал­пы шы­ға­рын­ды­ла­ры нор­ма­тив­те­рі­нің бел­гі­лен­ген мән­де­рі­нің кө­ле­мі
    мың тон­на/ жы­лы­на
    3)
    Қат­ты тұр­мыстық қал­дық­тар жал­пы кө­ле­мі­нен қал­дық­тар­ды өң­деу үшін
    %
    4)
    Ла­ста­у­шы заттар­дың тө­гін­ді­ле­рі нор­ма­тив­те­рі­нің бел­гі­лен­ген мән­де­рі­нің кө­ле­мі
    мың тон­на/ жы­лы­на
    5)
    Мем­ле­кет­тік ор­ман қо­ры же­рі­нің ор­ман­мен қам­ты­л­ған ауда­ны
    мың гек­тар
    6)
    Өңір­дің жал­пы ала­ңы­на қа­ра­ған­да ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың үле­сі
    %
    9
    Гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар
    бір­лік
    10
    Өрт сөн­ді­ру де­по­сы­ның ғи­ма­ра­ты
    де­по/ав­то­мо­биль­дер са­ны

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.