«Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қазан 2023 ж.

    «Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында (бұдан әрі – Стандарт):

    1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және амбулаториялық, стационарлық және стационар алмастыратын жағдайларда жарақаттары, тірек-қимыл аппаратының және сүйек-бұлшықет жүйесінің (бұдан әрі – СБЖ) аурулары бар пациенттерге травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.

    Травматологиялық және ортопедиялық көмек меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарымен көрсетіледі.

    2. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат саны осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

    3. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ұсынылатын жарақтандыру ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;

    10-тармақта:

    3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) стационарлық жағдайларда:

    диагнозға мен КХ сәйкес мамандандырылған, оның ішінде ЖТМП;

    тағайындалған ем жүргізу;

    дәрігердің күн сайын қарап-тексеруі, ем түзетуі;

    бөлімше меңгерушісінің қарап-тексеруі, консультациясы;

    медициналық көрсетілімдер бойынша мамандардың консультациясын өткізу;

    «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес медициналық құжаттаманы рәсімдеу;

    «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы №ҚР-ДСМ-27 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР-ДСМ-175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес пациентті медициналық құжаттаманы рәсімдеумен және науқасқа стационарлық пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірмеcін беріп шығару;»;

    19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «19. Осы Стандартқа 3-қосымшаға (бұдан әрі – 3 қосымша) сәйкес тірек-қимыл аппараты аурулары және жарақаттары бар пациенттерге диагностикалық және емдеу іс-шаралары медициналық көмекті өңірлендіруді ескеріле отырып тізбе бойынша жүргізіледі.»;

    24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. СБЖ аурулары мен жарақаттары кезінде стационарлық жағдайдағы медициналық көмек медициналық көмек осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өңірлендіру деңгейін ескере отырып жүзеге асырылады.»;

    30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «30. Денсаулық сақтау ұйымына медициналық көмек алу үшін жүгінген уақытта № ҚР ДСМ-27 бұйрығына сәйкес пациентте алкогольдік, есірткілік немесе уыттық масаң күйінде анықталған кезде медицина қызметкері бұл туралы медициналық картаға жазып, кейіннен медициналық картаға нәтижелерін енгізе отырып, психикаға белсенді әсер ететін заттың құрамын анықтау үшін биологиялық материалды алады.»;

    47, 48, 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «47. Стационарлық жағдайларда көмек көрсететін бірінші өңірлендіру деңгейдегі медициналық ұйымдарда шокқа қарсы базалық терапия және реанимациялық іс-шаралар жүргізіледі. Стандарттың 3-қосымшасы на сәйкес хирургиялық араласулар жүзеге асырылады. Күрделі жағдайларда жоғары деңгейдегі медициналық ұйымдардың мамандары пациентке қашықтықтан консультациялар беру, шығу және (немесе) ауыстыруды (тасымалдауды) жүзеге асырады.

    48. Амбулаториялық жағдайларда СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін травматолог және ортопед кабинеттері ұйымдастырылады.

    Травматолог пен ортопедтің кабинетінде:

    1) СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерге консультациялық-диагностикалық және медициналық көмек көрсету;

    2) стационарлық жағдайларда емделуге СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерді іріктеу және жіберу;

    3) СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерді ЖТМК көрсетуге іріктеу және жіберу;

    4) СБЖ туа біткен патологиясы бар балаларды емдеуді жүргізу;

    5) СБЖ ауруларының және жарақаттарының салдары бар пациенттерді: жамбастың туа біткен ұршық шықпасы, туа біткен маймақтық, сколиозы, қаңқаның тұқым қуалайтын жүйелік аурулары, қаңқа дамуының ауытқуларымен, ірі буындарды эндопротездеуден кейін остеопорозы бар пациенттерді байқау;

    6) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) жүзеге асырылады;

    7) тірек-қимыл аппаратының және СБЖ функциялары бұзылуының тұрақты белгілері бар пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу;

    8) ересектер мен балалар арасында сүйек-бұлшықет сырқаттанушылығының және жарақаттанудың профилактикасына оны төмендетуге бағытталған мемлекеттік және өңірлік нысаналы бағдарламаларды орындауға қатысу;

    9) қызмет көрсету ауданындағы ересектер мен балалар арасында сырқаттанушылықтың, мүгедектіктің, СБЖ аурулары мен жарақаттардан болатын өлімнің негізгі медициналық-статистикалық көрсеткіштерін мониторингтеу және талдау;

    10) қызмет көрсету ауданындағы СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерді профилактикалау, диагностикалау, емдеу, оңалту бойынша консультациялар беру;

    11) СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерді профилактикалаудың, диагностикалаудың және емдеудің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізу;

    12) стационарды алмастыратын жағдайларда пациенттерге көмек көрсету «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

    Емхананың травматолог және ортопед кабинеті 2-қосымшаға сәйкес амбулаториялық жағдайларда травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсету үшін медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

    49. Қызмет көрсетілетін халық саны 120 мың адамнан аз елді мекендерде жарақат алған пациенттерге кезек күттірмейтін медициналық көмек стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдардың қабылдау бөлмелерінде көрсетіледі.

    Қызмет көрсетілетін халық саны 120 мың адамнан асатын елді мекендерде жарақат алған пациенттерге кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін травматологиялық пункттер (бұдан әрі – травмпункт) ұйымдастырылады.

    100 мың балаға жеке травмпункт құрылады.

    Травмпункт облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының шешімімен:

    1) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін тәулік бойы жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдардың;

    2) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 8-ден 20-ға дейін жұмыс істейтін амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдардың құрамында ұйымдастырылады.

    Травмпункте жеке кіреберіс бар, пандуспен жабдықталған және мынадай үй-жайлар жиынтығы:

    тіркеу бөлімі;

    күту залы;

    дәрігерлік қабылдау үшін кабинет;

    операциялық;

    таңу бөлмесі;

    гипс салу үшін кабинет (гипстік бөлме);

    егу бөлмесі;

    емшара бөлмесі;

    рентгенологиялық кабинет (ол болмаған кезде пациентті зерттеп-қарау травматологиялық пункті орналасқан денсаулық сақтау ұйымының рентгенологиялық кабинетінде жүргізіледі);

    травмпункт меңгерушісінің кабинеті;

    ординаторлық;

    мейіргерлік;

    инвентарлық кабинет;

    аға мейіргер кабинеті бар.

    Травмпункт 2-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

    Кезек күттірмейтін травматологиялық көмекке жүгінген пациенттің тұрғылықты жеріне қарамастан көрсетіледі.

    Травмпункте кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін мынадай жай-күйлер көрсетілімдер болып табылады:

    сіңірлердің, бұлшықеттердің, нерв діңінің және ірі тамырлардың зақымдануынсыз жұмсақ тіндерінің инфекция түспеген жараларында, зардап шеккен адамның жалпы қанағаттанарлық жағдайында;

    қол-аяқтың жұмсақ тіндерінің, кеуденің, омыртқа бағанының соғылуы;

    жұмсақ тіндердің соғылуы, гемартрозбен асқынбаған буындардың байламдың аппаратының созылуы;

    қолдардың, саусақтары мен аяқ бастары буындарының травматикалық шығып кетуі (наркозды қажет етпейтін балаларда);

    өкпеқабы зақымданбай қабырғалардың жеке сынулары;

    сүйектердің жабық сынулары (ығысусыз немесе репозиция мен ұстап қалынатын сынықтардың ығысуымен, балаларда ығысусыз, наркозды талап етпейтін сынуларда ғана);

    балалардың сынықтарын қоспағанда, амбулаториялық жағдайда кейіннен

    емдеумен және байқаумен, жабық репозицияға және сыммен бекітуге берілетін сынулар;

    амбулаториялық жағдайда алып тастауға болатын жұмсақ тіндердің бөгде денелері;

    алақан-фалангалық буындар деңгейінде экзартикуляцияны талап етпейтін бір-екі саусақ фалангаларының жарақаттық ампутациясы;

    жергілікті тіндермен тері пластикасын талап ететін, бірақ стационарлық емдеуге жатпайтын жұмсақ тіндердің ақауы бар жаралар;

    балалардың сіңірлерінің зақымдануын қоспағанда, стационарлық емдеуге жатпайтын саусақ басы және (немесе) аяқ басы саусақтарының сіңір зақымданғаны бар жаралар;

    зақымданудың жасы мен тереңдігін ескере отырып, балаларда хирургиялық араласуды қажет етпейтін шектеулі күйіктер (дене бетінің 5 %-нан аз).

    Жарақат алған пациент (ересек, бала) жарақат алған сәттен бастап 3 (үш) тәулікке дейін травмпунктке жүгінеді және (немесе) жедел медициналық жәрдем арқылы түседі. Травмпунктке жәбірленушінің жалпы жағдайы, травматологиялық-ортопедиялық мәртебесі бағаланады, қажетті зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізіледі, кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетіледі.

    Пациентке көрсетілімдер бойынша кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетілгеннен кейін пациент мамандандырылған медициналық көмек алу үшін бейінді стационарға жіберіледі.»;

    52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «52. Өңірлендірудің бірінші, екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарда тиісті материалдық-техникалық жарақтандырылуы және мамандардың біліктілігі (сертификатталуы) болған кезде 3-қосымшаға сәйкес тізбеде бар барлық операциялық араласулар жүргізіледі.»;

    мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

    «6-тарау. Күйігі бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі

    53. Күйік кезінде медициналық көмек:

    1) амбулаториялық жағдайларда және хирургиялық емдеуді қажет етпейтін дене бетінің 10 %-ға дейін (балаларда – дене бетінің 5 %-ға дейін) зақымдану аймағы бар I-II дәрежелі күйіктердің профилактикасы, диагностикасы, емдеу жөніндегі іс-шараларды, күйіктен кейінгі тыртық деформациялар мен тіндердің ақаулары бар пациенттерді медициналық оңалтуды қамтиды;

    2) стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда және диагностиканың арнайы әдістері мен медициналық технологияларды қолдануды қажет ететін күйіктерді, күйік ауруын және оның асқынуларын, күйіктен кейінгі тыртық деформацияларын және тіндердің ақауларын диагностикалау, емдеу, оңалту жөніндегі іс-шараларды қамтып көрсетіледі.

    54. Стационарлық жағдайда күйіктері бар пациенттерді емдеу үшін бірінші деңгейдегі өңірлік медициналық ұйымдардың хирургиялық бөлімшелерінің құрамында күйік (комбустиологиялық) төсектері, екінші және үшінші деңгейдегі өңірлік медициналық ұйымдардың құрамында күйік бөлімшелері (орталықтары) ұйымдастырылады.

    55. Күйік бөлімі мынадай функцияларды орындайды:

    1) күйік, электрден жарақаттану, күйіктен кейінгі тыртық деформациясы және тіндердің ақаулары кезінде комбустиология бейіні бойынша мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету;

    2) күйігі бар пациенттерді динамикалық байқау;

    3) күйік ауруының асқынуын емдеу;

    4) медициналық оңалту бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу;

    5) күйіктерді диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша басқа медициналық ұйымдардың мамандарына консультациялық көмек көрсету;

    6) күйік және күйік салдары, күйік аурулары бар пациенттерді емдеу кезінде медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;

    7) күйік кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша медициналық ұйымдармен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс;

    8) күйік жарақатын талдау және оның профилактикасы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

    9) консультацияларды ұйымдастыру және өткізу және (немесе) консилиумына қатысу, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтерді қолдану;

    10) есепке алу және есептік құжаттаманы жүргізу.

    56. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, оның ішінде күйік орталығында (бөлімшесінде) ЖТМҚ қолдана отырып медициналық көрсетілімдер мыналар болып табылады:

    дене бетінің 15 % зақымдану аумағымен I-II дәрежелі күйіктер (балаларда дене бетінің 5 %);

    I-II, ІІІА дәрежелі күйіктер, зақымдану аумағы дене бетінің 10 %-дан аз (балаларда дене бетінің 5 %-дан аз) ерекше орналасқан (бас, бет, оның ішінде көру ағзасының күйіктерімен қатар), қол, аяқ, бұтарасы, жыныс мүшелері, мойын және ірі буындар аумағы), асқынулардың немесе қосарласқан патологияның болуы;

    аумағы мен орналасуына қарамастан ІІІБ-IV дәрежелі күйіктер;

    жүрек бұлшықетінің бұзылуы және есін жоғалту анамнезі бар электрлік жарақаттану салдарынан болған терінің күйіктері;

    химиялық заттардың әрекетінің салдарынан болған терінің күйіктері;

    ингаляциялық жарақаттан болған күйіктер;

    I-II-III дәрежелі термиялық және химиялық күйіктер, дене бетінің 30 % зақымдану және әртүрлі аумағында орналасқан, оның ішінде ингаляциялық жарақатпен және ауыр инфекциялық асқынулардың (пневмония, сепсис) дамуымен болған;

    радиациялық күйіктер (оның ішінде сәулелік терапиядан кейін);

    күйіктен кейінгі тыртық деформациялары және әртүрлі орналасқан тіндердің ақаулары;

    трофикалық ойықжаралар және әртүрлі этиологиялардың жарақаттары соның ішінде тері ақауын жабу үшін жауыржаралар;

    жарақаттан кейінгі тыртық деформациясы және әртүрлі орналасқан тіндердің ақаулары;

    кезеңдік реконструктивті-пластикалық операцияларды қажет ететін әртүрлі аумағында орналасқан күйіктен кейінгі тыртық деформациялары мен тіндердің ақаулары.

    57. II - III дәрежелі күйігі бар пациенттер дене бетінің 20 %-дан асқан, III дәрежелі күйіктері бар ересектердегі дене бетінің 10 %-дан асқан, II-III дәрежелі күйіктері дене бетінің 10 %-дан асқан, III дәрежелі күйік шокының дамуы кезінде балалардағы дене бетінің 5 %-дан асқан, тыныс алу функциясы жеткіліксіздігінің дамуымен ингаляциялық жарақаттар, өмірге қауіп төндіретін басқа да жағдайлармен қосарласқан жүрек-қан тамырлары функциясы жеткіліксіздігінің дамуымен электрлік жарақат алған салдары кезінде пациенттер анестезиология және реанимация бөлімшелеріне жіберіледі.

    Өмірге қауіп төндіретін жағдайлар жойылғаннан кейін пациенттер медициналық ұйымның күйік орталығына (бөлімшесіне) ауыстырылады (тасымалданады).»;

    осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Стандартқа 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Стандартқа 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Стандартқа 3-қосымшамен мынадай редакцияда толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

    А. Ғиният

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2023 жылғы 27 қазандағы

    № 156 Бұйрыққа

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасында

    травматологиялық және

    ортопедиялық көмек көрсетуді

    ұйымдастыру стандартына

    1-қосымша

    Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат саны

    Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында 20 мың тұрғынға шаққанда 1 (бір) травматолог-ортопед лауазымы белгіленеді. Травматолог-ортопед дәрігерінің 1 (бір) лауазымына 2 (екі) мейіргер лауазымы, 1 (бір) таңғыш мейіргер лауазымы белгіленеді.

    Стационарлық жағдайларда травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында:

    1) травматологиялық бөлімде:

    бөлім меңгерушісі –20 төсекке 1(бір) лауазым;

    травматолог-ортопед – 10 төсекке 1(бір) лауазым;

    нейрохирург – 0,5 лауазым (политравма бөліміне);

    хирург – 0,5 лауазым (политравма бөліміне);

    Шұғыл көмек көрсету үшін тәулік бойы 1 (бір) постқа травматолог-ортопед немесе тиісті даярлықтан өткен хирург 4,75 лауазымы белгіленеді.

    Тәулік бойы 1 (бір) постқа 10 төсекке мейіргердің кемінде 4,75 лауазымы белгіленеді.

    Таңу мейіргерінің лауазымы 20 төсекке кемінде 1 (бір) лауазым, 20 төсекке кемінде 1 (бір) емшара мейіргері, 10 төсекке кемінде 1 (бір) операциялық мейіргердің лауазым есебінен белгіленеді. Операциялық аға мейіргердің лауазымы операциялық мейіргерлері мен таңу бөлмесінің мейіргерлерінің кемінде 3 лауазымы болған кезде белгіленеді.

    2) ортопедиялық бөлімде:

    бөлім меңгерушісі –20 төсекке 1(бір) лауазым;

    травматолог-ортопед – 10 төсекке 1(бір) лауазым;

    тәулік бойы 1 (бір) постқа 10 төсекке мейіргердің 4,75 лауазымы белгіленеді.

    Таңу мейіргердің лауазымы 20 төсекке кемінде 1 (бір) лауазым, 20 төсекке кемінде 1 (бір) емшара мейіргері, 10 төсекке кемінде 1 (бір) операциялық мейіргердің лауазым есебінен белгіленеді. Аға операциялық мейіргердің лауазымы таңу бөлмесінің операциялық мейіргерлері мен мейіргерлерінің кемінде 3 лауазымы болған кезде белгіленеді.

    Күйік орталығында (бөлімшеде):

    меңгеруші – 16 төсекке 1 лауазым;

    травматолог-ортопед немесе хирург – 8 төсекке 1 лауазым;

    травматолог-ортопед немесе хирург шұғыл көмек көрсету үшін – 4,75 лауазым;

    офтальмолог-дәрігер – 0,5 лауазым:

    аға мейіргер - 1 лауазым:

    емшара кабинетінің мейіргері – 2 лауазым;

    палаталық мейіргері (пост) – 16 төсекке 7 лауазым;

    таңғыш мейіргері – кемінде 2 лауазым;

    кіші медициналық персонал (санитарлар) – 16 төсекке 9,5 лауазым;

    науқас күтімі бойынша кіші мейіргері – кемінде 1 лауазым.

    Травматологиялық пункттің штат саны:

    бөлім меңгерушісі – 1 лауазым;

    аға мейіргер – 1 лауазым;

    егу мейіргері – 1 лауазым;

    шаруашылық бикесі – 1 лауазым;

    Травматолог-ортопедтер, операциялық мейіргер, кезек күттірмейтін көмек көрсету жөніндегі мейіргерлер, кіші медициналық персонал лауазымдарының саны жүктеме ескеріле отырып айқындалады.

    Жүктеме өткен жылғы орташа статистикалық деректер бойынша анықталады.

    Жүктеме кезінде тәулігіне 60 жүгіну:

    травматолог-ортопед – 4,75 лауазым;

    жедел жәрдем мейіргері – 4,75 лауазым;

    шаруашылық бикесі – 1 лауазым;

    кіші медициналық персонал (санитарлар) – 4,75 лауазым;

    жүктеме кезінде тәулігіне 60-тан астам жүгіну:

    травматолог-ортопед – 9,5 лауазым;

    операциялық мейіргері – кемінде 1 лауазым;

    кезек күттірмейтін көмек жөніндегі мейіргері – кемінде 1 лауазым;

    кіші медициналық персонал (санитарлар) – 9,5 лауазым.

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2023 жылғы 27 қазандағы

    № 156 Бұйрыққа

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасында

    травматологиялық және

    ортопедиялық көмек көрсетуді

    ұйымдастыру стандартына

    2-қосымша

    Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын ұсынылатын медициналық бұйымдармен жарақтандыру

    Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар, мү­лік­тер, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар
    Дең­гей­лер
    1
    2
    3
    Дә­рі­гер­лік ам­бу­ла­то­рия,трав­ма­то­лог және ор­то­пед ка­би­не­ті,
    Трав­ма­то­ло­ги­я­лық пункт
    Хи­рур­ги­я­лық бө­лім­ше­сі бар аудан­дық ау­ру­ха­на
    Трав­ма­то­ло­ги­я­лық бө­лім­ше­сі бар кө­п­бей­ін­ді ауда­на­ра­лық ау­ру­ха­на
    Трав­ма­то­ло­ги­я­лық бө­лім­ше­сі бар қа­ла­лық ау­ру­ха­на
    Көп бей­ін­ді об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның көп бей­ін­ді қа­ла­лық, ау­ру­ха­на­ла­ры, бей­і­ні бой­ын­ша ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ғы­лы­ми ұй­ым­дар
    1.
    Қол-аяқ­қа, омырт­қа ба­ға­ны­на/мой­ын­ға ар­нал­ған кө­лік­тік ши­на­лар жиын­тығы
    +
    -
    +
    +
    +
    +
    2.
    Та­ңу үсте­лі
    +
    -
    +
    +
    +
    +
    3.
    Гипс са­лу үсте­лі
    +(-)
    -
    +(-)
    +
    +
    +
    4.
    Құ­рал­дар­ға ар­нал­ған жы­л­жы­ма­лы үстел
    +(-)
    -
    +(-)
    +
    +
    +
    5.
    Гипс таң­ғыш қо­ю­ға ар­нал­ған ті­реу
    +(-)
    -
    +
    +
    +
    +
    6.
    Тө­бе­ге ілі­не­тін кө­лең­ке­сіз шам
    +(-)
    -
    +
    +
    +
    +
    7.
    Жы­л­жы­ма­лы кө­лең­ке­сіз шам
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    8.
    Бұ­рыш өл­ше­гіш
    -
    -
    +(-)
    +
    +
    +
    9.
    Нега­то­скоп
    +(-)
    -
    +
    +
    +
    +
    10.
    Сте­риль­ден­ген құ­рал­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ка­ме­ра
    -
    -
    +(-)
    +(-)
    +(-)
    +
    11.
    Ал­ғаш­қы хи­рур­ги­я­лық өң­де­у­ге ар­нал­ған құ­рал­дар жиын­тығы
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    12.
    Сі­ңір­лер­ге тігіс са­лу­ға ар­нал­ған құ­рал­дар жиын­тығы
    +(-)
    +(-)
    +
    +
    +
    +
    13.
    Гипс таң­ғы­штар қо­ю­ға және олар­ды ше­шіп алу­ға ар­нал­ған жиын­тық
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    14.
    Қаң­қа­ны созуға (ке­ру­ге) ар­нал­ған Бел­лер ши­на­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    15.
    Жақ­тау (Бал­кан­ский )
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    16.
    Ме­ди­ци­на­лық элек­тро­бұр­ғы жиын­тығы
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    17.
    Қаң­қа­ны созуға (ке­ру­ге) ар­нал­ған жиын­тық (спи­ца­лар, қап­сыр­ма­лар , лес­ка, сал­мақ­ты зат)
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    18.
    Жы­л­жы­ма­лы рент­ген ап­па­ра­ты
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    19.
    Функ­ци­я­лық тө­сек­тер
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    20.
    Уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка жа­са­у­ға ар­нал­ған ап­па­рат
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    21.
    Өк­пе­ге жа­сан­ды жел­де­те­тін ап­па­рат
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    22.
    Нар­коз­дық-ты­ныс алу ап­па­ра­ты
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    23.
    Опе­ра­ци­я­лық рент­ген-нега­тив­ті әм­бе­бап үстел
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    24.
    Мо­но-би­по­ляр­лық ко­а­гу­ля­тор
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    25.
    Ере­сек­тер­ге ар­нал­ған трав­мо­то­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лық құ­рал­дар жиын­тығы
    -
    +(-)
    -
    +
    +
    +
    26.
    Сүй­ек­тү­сті­лік, кор­ти­ка­лық остео­син­тез­ге ар­нал­ған им­плант­тар жиын­тығы
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    27.
    Ор­тан­жі­лік­тің іш­кі остео­син­те­зіне ар­нал­ған им­плант­тар және олар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған құ­рал­дар
    +
    -
    +
    +
    +
    +
    28.
    Үл­кен жі­лін­шік­тің іш­кі остео­син­те­зіне ар­нал­ған им­плант­тар және олар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған құ­рал­дар
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    29.
    Тоқ­пан­жі­лік­тің іш­кі остео­син­те­зіне ар­нал­ған им­плант­тар және олар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған құ­рал­дар
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    30.
    Ор­тан­жі­лік­тің остео­син­те­зін сырт­тай бе­кі­те­тін спи­ца­лы және сы­мө­зек­ті (стер­жень­ді) ап­па­рат­тар жиын­тығы
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    31.
    Жі­лін­шік остео­син­те­зін сырт­тай бе­кі­те­тін спи­ца­лы және сы­мө­зек­ті (стер­жень­ді) ап­па­рат­тар жиын­тығы
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    32.
    Тоқ­пан­жі­лік
    остео­син­те­зін сырт­тай бе­кі­те­тін спи­ца­лы және сы­мө­зек­ті (стер­жень­ді) ап­па­рат­тар жиын­тығы
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    33.
    Бі­лек остео­син­те­зін сырт­тай бе­кі­те­тін спи­ца­лы және сы­мө­зек­ті (стер­жень­ді) ап­па­рат­тар жиын­тығы
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    34.
    Жам­бас­сүй­ек
    остео­син­те­зін сырт­тай бе­кі­те­тін спи­ца­лы және сы­мө­зек­ті (стер­жень­ді) ап­па­рат­тар жиын­тығы
    -
    +(-)
    +
    +
    +
    +
    35.
    Ірі буын­дар­ды эн­до­про­тез­де­у­ге ар­нал­ған әр­түр­лі тип­ті және өл­шем­ді эн­до­про­тез­дер жиын­тығы
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    36.
    Кі­ші буын­дар­ды эн­до­про­тез­де­у­ге ар­нал­ған әр түр­лі тип­ті және өл­шем­ді эн­до­про­тез­дер жиын­тығы
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    37.
    Ба­ла­лар­ға ар­нал­ған опе­ра­ци­я­лық трав­ма­то­ло­ги­я­лық ас­пап­тар жиын­тығы
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    38.
    Бас­сүй­ек тре­па­на­ци­я­сы­на ар­нал­ған ней­ро­хи­рур­ги­я­лық жиын­тық
    -
    -
    -
    -
    +
    +
    39.
    Омырт­қа ба­ға­ны­на опе­ра­ци­я­лар жа­са­у­ға ар­нал­ған жиын­тық
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    40.
    Сүй­ек­тер­ді өң­де­у­ге ар­нал­ған жиын­тық
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    41.
    Ере­сек­тер­ге ор­то­пе­ди­я­лық опе­ра­ци­я­лар жа­са­у­ға ар­нал­ған хи­рур­ги­я­лық ас­пап­тар жиын­тығы
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    42.
    Ба­ла­лар­ға ор­то­пе­ди­я­лық опе­ра­ци­я­лар жа­са­у­ға ар­нал­ған хи­рур­ги­я­лық ас­пап­тар жиын­тығы
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    43.
    Элек­трон­дық -оп­ти­ка­лық түр­лен­дір­гі­ші (С-до­ға­сы) бар рент­ген ап­па­ра­ты
    -
    +(-)
    -
    +
    +
    +
    44.
    Кі­ші және ірі буын­дар­ға ар­нал­ған арт­ро­ско­пи­я­лық ті­рек, жиын­тығ­ы­мен бір­ге
    -
    -
    -
    -
    +
    +
    45.
    Ком­пью­тер­лік то­мо­граф
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    46.
    Маг­нит­ті-ре­зо­нан­сты то­мо­граф
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    47.
    Эхо­эн­це­фа­ло­граф
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    48.
    Ал­ғаш­қы хи­рур­ги­я­лық өң­де­у­ге ар­нал­ған пульс ла­важ жүй­е­сі
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    49.
    Дер­ма­том
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    50.
    Аэро­те­ра­пи­я­лық флю­и­ди­за­ци­я­лық құ­ры­л­ғы (күй­ік­ке қар­сы тө­сек)
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    51.
    Ме­ха­но­те­ра­пи­я­лық ап­па­рат (тұ­рақ­ты пас­сив қи­мыл­дар үшін)
    -
    -
    -
    -
    +
    +
    52.
    Әр­түр­лі диа­метр­лі сым­дар жиын­тығы
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    Күй­ік ор­та­лы­ғын жа­рақ­тан­ды­ру
     №
    Жа­рақ­тан­ды­ру­дың ата­уы (жаб­дық­тар)
    Қа­жет­ті са­ны, да­на
    1.
    Мей­ір­гер­дің жұ­мыс ор­ны
    1
    2.
    Функ­ци­о­нал­ды хи­рур­ги­я­лық ке­ре­ует
    16
    3.
    Ке­ре­ует жа­нын­да­ғы үстел (тум­боч­ка)
    20
    4.
    Кө­лең­ке­сіз ме­ди­ци­на­лық жы­л­жы­ма­лы шам
    2
    5.
    Та­ңу үсте­лі
    1
    6.
    Ас­пап­тық үстел
    3
    7.
    Дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған то­ңа­зыт­қыш
    3
    8. 
    Ұзақ жа­тқан­нан те­рі­нің ой­ы­луы­на қар­сы мат­рас
    4
    9. 
    Ша­ғын хи­рур­ги­я­лық ас­пап­тар жиын­тығы
    5
    10. 
    Па­ла­та­лар­да­ғы па­ци­ент­тер­ді жы­лы­ту­ға ар­нал­ған жүйе (жы­лу көр­пе­сі)
    4
    11.
    Опе­ра­ци­я­лық үстел­де­гі па­ци­ент­тер­ді жы­лы­ту жүй­е­сі (тер­мо­тұ­рақ­тан­ды­ру мат­ра­цы)
    1
    12.
    Сұй­ық­тан­ды­ра­тын күй­ік­ке қар­сы ке­ре­ует
    3
    13.
    То­ры бар функ­ци­о­нал­ды күй­ік тө­се­гі
    2
    14.
    Ре­цир­ку­ля­ци­я­лық үл­гі­де­гі ауа­ны за­рар­сыздан­ды­ру қон­дыр­ғы­сы
    12
    15.
    Те­рі транс­план­тат­та­рын алу­ға ар­нал­ған ап­па­рат:
    Қай­та­ру-тү­сі­ру
    2
    диск­тік
    2
    16.
    Тор­лы те­рі транс­план­тат­та­рын дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған ап­па­рат
    4
    17.
    Жұм­сақ тін­дер­ді ке­су­ге және ұсақ та­мыр­лар­ды ко­а­гу­ля­ци­я­ла­у­ға ар­нал­ған элек­тр­хи­рур­ги­я­лық ап­па­рат
    1
    18.
    Тұт­қа­лар жиын­тығы бар уль­тра­ды­быст­ық ка­ви­та­ци­я­ға ар­нал­ған ап­па­рат
    1
    19.
    Бай­ла­ныс­сыз газ ар­гон плаз­ма­лық ко­а­гу­ля­ци­я­ға ар­нал­ған ап­па­рат
    1
    20.
    Жа­ра­лар­ды ем­де­у­ге ар­нал­ған те­ріс қы­сым ап­па­ра­ты
    4
    21.
    Сүй­ек­тер­ді өң­де­у­ге ар­нал­ған элек­тр­хи­рур­ги­я­лық ас­пап­тар жиын­тығы (бұр­ғы­лау, ос­цил­ля­тор­лық ара, тре­пан)
    1
    22.
    Пор­та­тив­ті рент­ген ап­па­ра­ты
    1
    23.
    Уль­тра­ды­быст­ық ин­га­ля­ци­я­ға ар­нал­ған ап­па­рат
    2
    24.
    Қо­лар­ба ду­шы
    2
    25.
    Ұзақ мер­зім­ді эн­те­раль­ды қо­рек­тен­ді­ру­ге ар­нал­ған сор­ғы­лар
    3
    26.
    Хи­рур­ги­я­лық электр сор­ғы
    2
    27.
    Ұзақ көк­та­мы­рі­ші­лік ин­фу­зи­я­лар­дың кө­ле­мі мен ре­жи­мін ав­то­мат­ты түр­де ұстап тұ­ру­ға ар­нал­ған ас­пап (ин­фу­зи­я­лық сор­ғы)
    4
    28.
    Ұзақ көк­та­мы­рі­ші­лік ин­фу­зи­я­лар­дың кө­ле­мі мен ре­жи­мін ав­то­мат­ты түр­де ұстап тұ­ру­ға ар­нал­ған ас­пап (шприц­тік мөл­шер­ле­гіш)
    4

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2023 жылғы 27 қазандағы

    № 156 Бұйрыққа

    3-қосымша

    Қазақстан Республикасында

    травматологиялық және

    ортопедиялық көмек көрсетуді

    ұйымдастыру стандартына

    3-қосымша

    Тірек-қимыл аппараты аурулары және жарақаттары бар пациенттерге медициналық көмекті өңірлендіруді ескере отырып диагностикалық және емдеу іс-шараларының тізбесі

    Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер
    Дең­гей­лер
    1
    2
    3
    Дә­рі­гер­лік ам­бу­ла­то­рия,трав­ма­то­лог және ор­то­пед ка­би­не­ті,
    Трав­ма­то­ло­ги­я­лық пункт
    Хи­рур­ги­я­лық бө­лім­ше­сі бар аудан­дық ау­ру­ха­на
    Трав­ма­то­ло­ги­я­лық бө­лім­ше­сі бар кө­п­бей­ін­ді ауда­на­ра­лық ау­ру­ха­на
    Трав­ма­то­ло­ги­я­лық бө­лім­ше­сі бар қа­ла­лық ау­ру­ха­на
    Көп бей­ін­ді об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның көп бей­ін­ді қа­ла­лық, ау­ру­ха­на­ла­ры, бей­і­ні бой­ын­ша ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ғы­лы­ми ұй­ым­дар
    1.
    Қан­ның жал­пы кли­ни­ка­лық тал­да­у­ла­ры
    +
    -
    +
    +
    +
    +
    2.
    Несеп­тің жал­пы кли­ни­ка­лық тал­да­у­ла­ры
    +
    -
    +
    +
    +
    +
    3.
    Қан­ның био­хи­ми­я­лық тал­да­у­ла­ры (көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша)
    +(-)
    -
    +(-)
    +
    +
    +
    4.
    АИТВ, ви­ру­стық ге­па­тит мар­кер­ле­ріне және т.б. зерт­теу (көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша)
    +(-)
    -
    +(-)
    +
    +
    +
    5.
    Қан то­бын және ре­зус-фак­тор­ды анық­тау
    +(-)
    -
    +
    +
    +
    +
    6.
    Мик­ро­ре­ак­ция
    +(-)
    -
    +
    +
    +
    +
    7.
    Бас­сүй­ек пен ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­тын рент­ге­но­ло­ги­я­лық зерт­теу
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    8.
    Уль­тра­ды­быст­ық зерт­теу (көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша)
    -
    -
    +(-)
    +
    +
    +
    9.
    Элек­тро­кар­дио­гра­фи­я­лық зерт­теу (көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша)
    +(-)
    -
    +
    +
    +
    +
    10.
    Ком­пью­тер­лік то­мо­гра­фия (көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша)
    -
    -
    +(-)
    +(-)
    +(-)
    +
    11.
    Маг­нит-ре­зо­нан­стық то­мо­гра­фия (көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша)
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    12.
    Шок­қа қар­сы негіз­гі және ре­ани­ма­ци­я­лық те­ра­пия
    +(-)
    +(-)
    +
    +
    +
    +
    13.
    Уа­қыт­ша та­сы­мал­дау им­мо­би­ли­за­ци­я­сын са­лу (Шанс жа­ға­сы, бас­пал­дақ ши­на­сы, тығ­ыз таң­ғыш)
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    14.
    Трав­ма­ти­ка­лық буын­дар­ды жа­бық түр­де тү­зе­ту
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    15.
    Сүй­ек сы­нық­та­ры­ның жа­бық бір рет­тік ре­по­зи­ци­я­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    16.
    Буын бло­ка­да­сын жою, ме­нис­кі­ні тү­зе­ту
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    17.
    Жа­ра­лар­ды ал­ғаш­қы хи­рур­ги­я­лық өң­деу
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    18.
    Аяқ-қол­дар­дың ашық сы­нуы­на АХӨ
    +
    +(-)
    +
    +
    +
    +
    19.
    Са­у­сақ­тар­дың экс­тен­сор­лы сі­ңі­рі­нің тігі­сі
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    20.
    Ба­стап­қы по­зи­ци­ядан кей­ін 10 тәу­лік­тен ке­шік­тір­мей, қай­та ор­на­ла­сты­ру­ға және қай­та ығы­сты­ру ке­зін­де ұстап қа­лу­ға бо­ла­тын сы­нық­тар­дың қай­та ре­по­зи­ци­я­ла­ры
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    21.
    Гипс таң­ғы­шта­рын са­лу
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    22.
    Тін­дер­ден бөгде затты алып та­стау
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    23.
    Буын­дар пунк­ци­я­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    24.
    Са­у­сақ­тың тұқы­лын қа­лып­та­сты­ру
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    25.
    Те­рі пла­сти­ка­сы
    -
    +(-)
    -
    +
    +
    +
    26.
    Қаң­қа­лық со­зы­лу­лар­ды са­лу
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    27.
    Бір неме­се екі бе­кі­те­тін ине­лер­ді алып та­стау
    +
    -
    +
    +
    +
    +
    28.
    Сырт­қы бе­кі­ту ап­па­рат­та­ры­мен сы­нық­ты тұ­рақ­тан­ды­ру
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    29.
    Сырт­қы бе­кі­ту ап­па­ра­тын­да­ғы ине­ні неме­се өзек­ше­ні қай­та тек­се­ру
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    30.
    Нар­коз­ды та­лап ет­пей­тін сырт­қы бе­кі­ту ап­па­рат­та­рын бөл­шек­теу
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    31.
    Өмір­лік көр­се­ті­лім­де­рі бой­ын­ша-ке­уде және іш қуы­сы ағ­за­ла­ры­ның за­қым­да­нуы ке­зін­де хи­рур­ги­я­лық ара­ла­су
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    32.
    Өмір­лік көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша-бас сүй­е­гі­нің де­ком­прес­си­я­лық тре­па­на­ци­я­сы және (неме­се) тре­па­на­ци­я­сы
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    33.
    Тү­зе­ту остео­то­ми­я­сы
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    34.
    Буын­дар­да­ғы, бай­лам­дар­да­ғы және сі­ңір­лер­де­гі опе­ра­ци­я­лар
    -
    +(-)
    +
    +
    +
    +
    35.
    Сүй­ек асты остео­син­те­зі
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    36.
    Ин­тра­ме­дул­ляр­лық остео­син­тез
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    37.
    Остео­син­тез­ді бл­ок­тау
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    38.
    Арт­ро­ско­пи­я­лық опе­ра­ци­я­лар
    -
    -
    -
    -
    +
    +
    39.
    Буын­дар­дың эн­до­про­те­зі  
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    40.
    Ке­уде қуы­сы­ның де­фор­ма­ци­я­сы ке­зін­де­гі опе­ра­ци­я­лар
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    41.
    Омырт­қа ба­ға­ны, жам­бас жа­ра­қат­та­ры мен ау­ру­ла­ры ке­зін­де­гі опе­ра­ци­я­лар
    -
    -
    -
    -
    -
    +

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.