Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
«Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 7С-20/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27276 болып тіркелген);
«Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 7С-20/3 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8С-2/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8538-03 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы
Г.Садвокасова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.