«Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор - оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 606 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қазан 2023 ж.

    «Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор - оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 606 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор - оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 606 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17670 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

    С. Нурбек

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары

    білім министрі

    2023 жылғы 24 қазандағы

    № 543 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Білім және ғылым министрінің

    2018 жылғы 31 қазандағы

    № 606 бұйрығына

    қосымша

    Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасы

    Әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы (бұдан әрі – ОПҚ) білім алушылардың 1 ОПҚ-ға арақатынасының негізінде айқындалады:

    Ата­уы
    Бі­лім алушы­лар­дың оқы­ту­шы­лар­ға ор­та­ша ара­қа­ты­на­сы
    Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім
    бі­лім алушы­лар
    ОПҚ
    1
    Ба­ка­лаври­ат да­яр­лау ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша:
    1.1
    Өнер*
    3,5
    1
    1.2
    Жал­пы да­мы­ту­дың пән­дік ма­ман­ды­ры­л­ған оқы­ту­шы­ла­рын да­яр­лау ***
    (бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша бей­не­леу өне­рі, му­зы­ка­ға бай­ла­ны­сты мұ­ға­лім­дер­ді дай­ын­дау)
    8
    1
    1.3
    Тіл­дер және әде­би­ет бой­ын­ша оқы­ту­шы­лар­ды да­яр­лау***
    (шет тіл­де­рі оқы­ту­шы­ла­рын да­яр­ла­у­мен бай­ла­ны­сты бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша)
    8
    1
    1.4
    Тіл­дер және әде­би­ет­тер***
    (ше­тел фи­ло­ло­ги­я­сы, аудар­ма­шы кадр­лар­ды да­яр­лау)
    8
    1
    1.5
    Ден­са­улық сақ­тау**
    6
    1
    1.6
    Ве­те­ри­на­рия***
    8
    1
    1.7
    Пе­да­го­ги­ка­лық ғы­лым­дар***
    10
    1
    1.8
    Өнер және гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар***
    8
    1
    1.9
    Да­яр­ла­удың бас­қа бар­лық ба­ғыт­та­ры және бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша****
    12
    1
    2.
    Дай­ын­дық бө­лім­де­рі­нің тың­да­у­шы­ла­ры, оның ішін­де ше­тел аза­мат­та­ры үшін**
    6
    1
    3.
    Әс­ке­ри ка­фед­ра сту­дент­те­рі үшін***
    10
    1
    4.
    Ма­ги­стра­ту­ра**
    6
    1
    5.
    Ре­зи­ден­ту­ра**
    3
    1
    6.
    Док­то­ран­ту­ра**
    4
    1
    Ескерту: профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасынан рұқсат етілген ауытқулар:
    * – 0,5 (-/+);
    ** – 1 (-/+);
    *** – 2 (-/+);
    **** – 4 (-/+).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.