«Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қаңтар 2026 ж.

    «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция

    министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму министрлігі,

    инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2023 жылғы 23 қазандағы

    № 367

    бұйрығымен бекітілген

    «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;

    2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;

    3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

    4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтерді көрсету шеңберінде төлемдерді жүзеге асыру туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    4. «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі –Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

    5. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

    Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға лицензиялар бергені үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

    Портал мен ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

    6. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі құжаттар жолданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңбамен қол қою арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензияны / осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына лицензияны не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды толығымен автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

    7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жолданады.

    8. Лицензия иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына (бұдан әрі – Лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидалары) № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның орындалуы туралы анықтама ұсынады.

    9. Берілген лицензияларға өзгерістер енгізуге, оның ішінде техникалық сипаттағы себептер бойынша өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

    10. Егер заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, заңды мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі) немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) туралы мәліметтер өзгертілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы (өкіл) берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы және көрсетілген өзгерістерді растайтын өтініш пен құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, сондай-ақ Лицензиялар мен рұқсаттарды беру қағидаларының 24-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда Лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 23-тармағына сәйкес кеден органы берген лицензияның орындалуы туралы анықтаманы қоса бере отырып, жаңа лицензияны ресімдеу туралы өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

    11. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) 19-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда лицензияның қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды:

    1) көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы сұраныммен жүгінуі;

    2) заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының не оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының паспорттық деректерінің өзгеруі;

    3) лицензия алу мақсатында көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің анықталуы;

    4) лицензия беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;

    5) лицензия беруге негіз болған шартты (келісімшартты), мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау кезіндегі бұзушылық;

    6) егер қызметтің түрі өзіне қатысты лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын осындай қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияны кері қайтарып алу;

    7) белгіленген тәртіп сақталған кезде берілуі мүмкін болмайтын лицензияның берілуіне әкеп соққан лицензияны беру кезінде жол берілген бұзушылықтардың анықталуы;

    8) лицензия иеленушінің халықаралық нормативтік құқықтық актілерде немесе осы Қағидаларда белгіленген лицензия беру шарттарын сақтамауы;

    9) сот шешімінің болуы;

    10) лицензия иеленушінің осы Қағидалардың 8-тармағын орындамауы.

    12. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және жою Лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына № 2 қосымшаға сәйкес Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және жою тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

    13. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

    14. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

    Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

    Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

    3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

    16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

    17. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

    18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    «Сандық шектеулер (квоталар)

    енгізілген кезде жекелеген тауарлар

    түрлерінің экспортына және (немесе)

    импортына лицензия беру»

    мемлекеттік қызметін көрсету

    қағидаларына 1-қосымша

    «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал)
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Құ­жат­тар жол­дан­ған сәт­тен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Та­у­ар­лар­дың же­ке­ле­ген түр­лерiнiң экс­пор­ты­на ли­цен­зия/же­ке­ле­ген түр­лерiнiң им­пор­ты­на ли­цен­зия не мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
    6
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Жеке немесе заңды тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия бергені үшін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
    Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма- қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    Та­у­ар­лар­дың экс­пор­ты­на ли­цен­зия алу үшін:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да осы Тіз­бе­ге қо­сым­ша­ға сәй­кес 1-ны­сан бой­ын­ша же­ке­ле­ген та­у­ар­лар түр­ле­рі­нің экс­пор­ты­на ли­цен­зия алу­ға өті­ніш;
    2) шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың), оның қо­сым­ша­ла­ры­ның және (неме­се) оған то­лық­ты­ру­лар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, неме­се шар­ттан (ке­лі­сім­шар­ттан) мә­лі­мет­тер:
    шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың) нө­мі­рі мен кү­ні;
    та­у­ар­дың си­патта­ма­сы;
    өл­шем бір­лі­гі көр­се­ті­л­ген та­у­ар­дың са­ны, шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың) ва­лю­та­сы көр­се­ті­л­ген та­у­ар­дың құ­ны;
    та­у­ар­дың ме­же­лі елі;
    та­у­ар шық­қан елі;
    шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың) қол­да­ны­лу мер­зі­мі (шар­тта (ке­лі­сім­шар­тта) оның қол­да­ны­лу мер­зі­мі ту­ра­лы ере­же­лер бол­ма­ған жағ­дай­да шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың) мер­зім­сіз бо­лып та­бы­ла­тынды­ғы көр­се­ті­ле­ді);
    та­у­ар­ды са­тып алушы ту­ра­лы ақ­па­рат;
    мәмі­ле тү­рі ту­ра­лы ақ­па­рат (экс­порт);
    3) ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның экс­пор­ты ке­зін­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 30 жел­тоқ­сан­да­ғы № 7-1/700 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тік ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ре­ест­рін­де №10223 тір­кел­ген) Жа­ну­ар­лар­ды ка­ран­т­ин­деу қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес бе­рі­л­ген эпи­зоо­ти­ка­лық зерт­теп-қа­рау ак­ті­сі.
    Та­у­ар­лар­дың им­пор­ты­на ли­цен­зия алу үшін:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да осы Тіз­бе­ге қо­сым­ша­ға сәй­кес 2-ны­сан бой­ын­ша же­ке­ле­ген та­у­ар­лар түр­ле­рі­нің им­пор­ты­на ли­цен­зия алу­ға өті­ніш;
    2) шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың), оның қо­сым­ша­ла­ры­ның және (неме­се) оған то­лық­ты­ру­лар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се шар­ттан (ке­лі­сім­шар­ттан) мә­лі­мет­тер:
    шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың) нө­мі­рі мен кү­ні;
    та­у­ар­дың си­патта­ма­сы;
    өл­шем бір­лі­гі көр­се­ті­л­ген та­у­ар­дың са­ны, шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың) ва­лю­та­сы көр­се­ті­л­ген та­у­ар­дың құ­ны;
    та­у­ар­ды жө­нел­ту­ші ел;
    та­у­ар шық­қан елі;
    шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың) қол­да­ны­лу мер­зі­мі (шар­тта (ке­лі­сім­шар­тта) оның қол­да­ны­лу мер­зі­мі ту­ра­лы ере­же­лер бол­ма­ған жағ­дай­да шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың) мер­зім­сіз бо­лып та­бы­ла­тынды­ғы көр­се­ті­ле­ді);
    та­у­ар­ды са­ту­шы ту­ра­лы ақ­па­рат;
    мәмі­ле тү­рі ту­ра­лы ақ­па­рат (им­порт).
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші шар­ттан (ке­лі­сім­шар­ттан) мә­лі­мет­тер­дің дұ­рыс еме­сті­гі бел­гі­ле­рін анық­та­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың) кө­шір­ме­сін сұ­ра­ту­ға құқы­лы.
    Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы, қыз­ме­ті­нің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су­ға ли­цен­зи­я­лар бер­ге­ні үшін бюд­жет­ке ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­ні ту­ра­лы (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­да) мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1)  көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ли­цен­зия алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­рын­да то­лық емес неме­се дұ­рыс емес мә­лі­мет­тер­дің бо­луы;
    2) Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ко­мис­сия Ке­ңе­сі­нің 2023 жы­л­ғы 24 қа­ра­ша­да­ғы № 125 ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­л­ген Үшін­ші ел­дер­мен са­уда­да та­риф­тік емес рет­теу ша­ра­ла­ры қол­да­ны­ла­тын та­у­ар­лар­дың бі­рың­ғай тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген та­у­ар­лар­дың экс­пор­ты­на және (неме­се) им­пор­ты­на ли­цен­зи­я­лар мен рұқ­сат­тар бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның 10, 11, 12 және 22-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы;
    3) ли­цен­зия бе­ру үшін негіз бо­лып та­бы­ла­тын бір неме­се бір­не­ше құ­жат­тың қол­да­ны­сын тоқ­та­ту неме­се тоқ­та­та тұ­ру;
    4) іс­ке асы­ру үшін ли­цен­зия сұ­ра­ты­ла­тын шар­тты (ке­лі­сім­шар­тты) орын­дау сал­да­ры­нан туын­да­уы мүм­кін мү­ше мем­ле­кет­тер­дің ха­лы­қа­ра­лық мін­дет­те­ме­ле­рі­нің бұ­зы­луы
    5) экс­порт­тың және (неме­се) им­порт­тың сан­дық шек­те­уле­рі ре­т­ін­де экс­порт­тық және (неме­се) им­порт­тық кво­та­ның, ар­найы қор­ғау ша­ра­сы ре­т­ін­де им­порт­тық неме­се ар­найы кво­та­ның, сон­дай-ақ та­риф­тік кво­та­ның та­у­сы­луы не олар­дың бол­мауы (кво­та­ла­на­тын та­у­ар­лар­ға ли­цен­зия рә­сім­дел­ген жағ­дай­да);
    6) ли­цен­зи­я­лық алым­ның ен­гі­зіл­ме­уі;
    7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се олар­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    8) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
    9) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­нуы негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы-бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге сот­тың уа­қыт­ша тый­ым са­луы;
    10) ли­цен­зия алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
    11) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сім­нің бол­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар
    «Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 37-ба­бы 7-тар­ма­ғы­на сәй­кес экс­порт­қа және (неме­се) им­порт­қа сан­дық шек­те­улер ен­гі­зі­л­ген та­у­ар­лар үшін ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­лу ке­зе­ңі кво­та бел­гі­лен­ген күн­тіз­бе­лік жыл­да аяқ­та­ла­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ 1414, 8 800 080 77 77 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.

    «Сандық шектеулер (квоталар)

    енгізілген кезде жекелеген тауарлар

    түрлерінің экспортына және (немесе)

    импортына лицензия беру» мемлекеттік

    қызметін көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптар тізбесіне қосымша

    1-нысан

    Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына лицензия алуға өтініш *

    1.Өті­ніш
    2.Қол­да­ны­лу ке­зе­ңі

    ба­стап дей­ін

    3. Ли­цен­зия тү­рі
    4. ______­жы­л­ғы
    / ЭКС­ПОРТ

    № ке­лі­сім­шарт

    5. Өті­ніш бе­ру­ші |
    6. Са­тып алушы
    7. Ме­же­лі ел |
    8. Са­тып алушы ел
    9. Ке­лі­сім­шарт ва­лю­та­сы |
    10. Құ­ны
    11. Ста­ти­сти­ка­лық құ­ны
    12. Шық­қан елі |
    13. Мөл­ше­рі
    14. Өл­шем бір­лі­гі
    15. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды және оның си­патта­ма­сы
    16.Қо­сым­ша ақ­па­рат
    17. Ли­цен­зия бе­ру үшін негіз
    18. Өті­ніш бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы
    Аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі
    Ла­у­а­зы­мы
    Те­ле­фо­ны
    Элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы
    Кү­ні
    Ескертпе: *Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына лицензия беруге арналған өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының № 1 қосымшасы на сәйкес Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар беруге арналған өтініштерді ресімдеу және осындай лицензияларды ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес толтырады.
    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

    ____________ ____________________________________ ________ (лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)

    20___ жылғы «____» _____

    Жекелеген тауарлар түрлерінің

    экспортына лизенция алуға

    өтінішке қосымша

    № ___ өті­ніш­ке қо­сым­ша
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    Бар­лық па­рақ № па­рақ
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы
    Аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі
    Ла­у­а­зы­мы
    Те­ле­фо­ны
    Элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы
    Кү­ні
    2-нысан

    Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия алуға өтініш*

    1. Өті­ніш №
    2. Қол­да­ны­лу ке­зе­ңі

    ба­стап дей­ін

    3. Ли­цен­зия тү­рі
    4. ___­жы­л­ғы «__» _________

    № ке­лі­сім­шарт

    / ИМ­ПОРТ
    5. Өті­ніш бе­ру­ші |
    6. Са­ту­шы
    7. Жө­нел­ту­ші ел |
    8. Са­ту­шы­ның елі |
    9. Ке­лі­сім­шарт ва­лю­та­сы |
    10. Құ­ны
    11. Ста­ти­сти­ка­лық құ­ны
    12. Шық­қан елі |
    13. Мөл­ше­рі
    14. Өл­шем бір­лі­гі
    15. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды және оның си­патта­ма­сы
    16. Қо­сым­ша ақ­па­рат
    17. Ли­цен­зия бе­ру үшін негіз
    18. Өті­ніш бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы
    Аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі
    Ла­у­а­зы­мы
    Те­ле­фо­ны
    Элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы
    Кү­ні
    Ескертпе: *Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына лицензия беруге арналған өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының № 1 қосымшасы на сәйкес Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар беруге арналған өтініштерді ресімдеу және осындай лицензияларды ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес толтырады.
    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

    ____________ ____________________________________ ________ (лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)

    20___ жылғы «____» _____

    Жекелеген тауарлар түрлерінің

    импортына лизенция алуға

    өтінішке қосымша

    № ___ өті­ніш­ке қо­сым­ша
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    Бар­лық па­рақ № па­рақ
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы
    Аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі
    Ла­у­а­зы­мы
    Те­ле­фо­ны
    Элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы
    Кү­ні

    «Сандық шектеулер (квоталар)

    енгізілген кезде жекелеген тауарлар

    түрлерінің экспортына және (немесе)

    импортына лицензия беру»

    мемлекеттік қызметін көрсету

    қағидаларына 2-қосымша

    1-нысан 

    Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына лицензия

    Уәкі­лет­ті ор­ган
    1. Ли­цен­зия
    2. Қол­да­ны­лу ке­зе­ңі

    ба­стап дей­ін

    3. Ли­цен­зия тү­рі
    4. _______­жы­л­ғы «__»___________

    № ке­лі­сім­шарт

    / ЭКС­ПОРТ
    5. Өті­ніш бе­ру­ші |
    6. Са­тып алушы
    7. Ме­же­лі ел |
    8. Са­тып алушы ел |
    9. Ке­лі­сім­шарт ва­лю­та­сы |
    10. Құ­ны
    11. Ста­ти­сти­ка­лық құ­ны
    12. Шық­қан елі |
    13. Мөл­ше­рі
    14. Өл­шем бір­лі­гі
    15. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды және оның си­патта­ма­сы
    16. Қо­сым­ша ақ­па­рат
    17. Ли­цен­зия бе­ру үшін негіз­де­ме
    18. Уәкі­лет­ті адам
    Кө­лік­тік қол­таң­ба
    Кү­ні

    Жекелеген тауарлар түрлерінің

    экспортына лицензияға

    қосымша

    Уәкі­лет­ті ор­ган
    ___­жы­л­ғы «__» _________№ ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    Бар­лы­ғы па­рақ № па­рақ
    Уәкі­лет­ті адам
    Кө­лік­тік қол­таң­ба
    Кү­ні
    2-нысан

    Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына лицензия

    Уәкі­лет­ті ор­ган
    1. Ли­цен­зия
    2. Қол­да­ны­лу ке­зе­ңі

    ба­стап дей­ін

    3. Ли­цен­зия тү­рі
    4. ___­жы­л­ғы «__» _________

    № ке­лі­сім­шарт

    / ИМ­ПОРТ
    5. Өті­ніш бе­ру­ші |
    6. Са­ту­шы
    7. Жө­нел­ту елі |
    8. Са­ту­шы елі |
    9. Ке­лі­сім­шарт ва­лю­та­сы |
    10. Құ­ны
    11. Ста­ти­сти­ка­лық құ­ны
    12. Шық­қан елі |
    13. Мөл­ше­рі
    14. Өл­шем бір­лі­гі
    15. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды және оның си­патта­ма­сы
    16. Қо­сым­ша ақ­па­рат
    17. Ли­цен­зия бе­ру үшін негіз
    18. Уәкі­лет­ті адам
    Кө­лік­тік қол­таң­ба
    Кү­ні

    Жекелеген тауарлар түрлерінің

    импортына лицензияға

    қосымша

    Уәкі­лет­ті ор­ган
    № ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    р/с №
    Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    мөл­ше­рі
    өл­шем бір­лі­гі
    құ­ны
    Бар­лық па­рақ № па­рақ
    Уәкі­лет­ті адам
    Кө­лік­тік қол­таң­ба
    Кү­ні

    «Сандық шектелулер

    (квоталар) енгізілген кезде

    жекелеген тауарлар түрлерінің

    экспортына және (немесе) импортына

    лицензия беру» мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    [Уәкілетті органның
    атауы]
    [Уәкілетті органның
    атауы]
    Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту
    Берілген күні: [Берілген күні]
    [Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
    Тіркеу орны: облыс:
    [Облыс] Аудан: [Аудан]
    Қала / елді мекен: [Қала/елді мекен]
    [жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі] [БСН / ЖСН]
    Мемлекеттік тіркеу күні [күні]
    Бас тарту себебі:
    [Бас тарту себебі]
    Көліктік қолтаңба

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.