Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Текелі қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық мәслихатының төрағасы
Б. Тугулбаев
Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 9-44 шешіміне 1-қосымша
Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
|
№
|
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
|
Есептік бірлік
|
Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3
|
|
1
|
Жайлы үйлер
|
1 тұрғын
|
1,6
|
|
Жайлы емес үйлер
|
1 тұрғын
|
1,65
|
|
|
2
|
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
|
1 орын
|
1,12
|
|
3
|
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
|
1 орын
|
1,3
|
|
4
|
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
|
1 орын
|
0,545
|
|
5
|
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
|
1 қызметкер
|
1,559
|
|
6
|
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
|
1 төсек-орын
|
2,344
|
|
7
|
Мектептер және өзге де оқу орындары
|
1 оқушы
|
0,078
|
|
8
|
Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
|
1 отыратын орын
|
0,091
|
|
9
|
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
|
сауда алаңы 1 м2
|
0,348
|
|
10
|
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
|
Сауда алаңы 1 м2
|
0,028
|
|
11
|
Дәріханалар
|
Сауда алаңы 1 м2
|
0,05
|
|
12
|
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС
|
1 машина-орын
|
9,157
|
|
13
|
Автомобиль шеберханалары
|
1 жұмысшы
|
7,939
|
|
14
|
Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер
|
1 гаражға
|
0,037
|
|
15
|
Шаштараздар, косметикалық салондар
|
1 жұмыс орны
|
0,997
|
|
16
|
Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары
|
1000 қатысушы
|
0,043
|
|
17
|
Бау-бақша кооперативтері
|
1 учаске
|
0,145
|
Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 9-44 шешіміне 2-қосымша
Текелі қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер
|
Атауы
|
Есептік бірлік
|
Теңге
(Қосылған құн салығымен)
|
|
Жайлы үйлер
|
1 тұрғын айына
|
231,5
|
|
Жайлы емес үйлер
|
1 тұрғын айына
|
238,7
|
|
Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
|
1 м3
|
1736,06
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.