Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінде карантин белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінде карантин белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес және 2023 жылғы 24 қазандағы №12-2-4/516 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Абай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы негізінде, Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті бойынша халық пен ірі қара арасында сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 24 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Топар кентінің әкімі

    М. Сафаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.