Тереңөзек кентінің көшелеріне атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қазан 2023 ж.

    Тереңөзек кентінің көшелеріне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тереңөзек кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қорытындысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Тереңөзек кентінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:

    атауы жоқ көшесіне Әлайдар Сағындықов көшесі;

    атауы жоқ көшесіне Сейді Досымбетов көшесі;

    атауы жоқ көшесіне Жаңақұл Ақназаров көшесі;

    атауы жоқ көшесіне Айтөре Шәмкенов көшесі;

    атауы жоқ көшесіне Әбілқасым Ақшалов көшесі;

    атауы жоқ көшесіне Татихан Бекенов көшесі;

    атауы жоқ көшесіне Спандияр Смайлов көшесі;

    атауы жоқ көшесіне Рахметулла Әлшеров көшесі;

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Кент әкімі

    Е.Бахтияров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.