Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 20 қазан 2023 ж.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
мына жол:
«
|
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аппараты
|
183
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аппараты
|
228
».
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Тоқаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.