Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 23 қазан 2023 ж.
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының «Бөкей ордасы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 14 тамыздағы №5-3 шешімнің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 – бабы 2 - тармағына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының «Бөкей ордасы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 14 тамыздағы №5-3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Л.Қайырғалиева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.