Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 05 қазандағы № 01-11/164 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің Плоское ауылының Ерлік көшесінде ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы

    З.С. Ажатова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.