Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/116-VІ «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 бабына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі №19/116-VІ «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4233 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы
Т. Калымбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.