Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 71/01 «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 71/01 «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21828 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:
2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрметті атақ беру;
6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.».
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бастап қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі
Ш. Әубәкір
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.