Инватакси қызметін алушылардың санатын, объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесін кеңейту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы «Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №859 бұйрығын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарысу ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар және бүйрек аурулары бар адамдар.
2. Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі келесі орындармен кеңейтілсін:
1) мәдени іс-шаралар, дәріханалар, тіс емханалары, екінші деңгейлі банктер, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер, мешіттер.
2) бүйрек аурулары бар адамдар үшін Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекішілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарысу ауданының әкімі
С. Мамытов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.