Қобда ауданы «Көк үй-Қобда-Көк үй» бағытындағы ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қазан 2023 ж.

    Қобда ауданы «Көк үй–Қобда-Көк үй» бағытындағы ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифін белгілеу туралы

    "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Қобда ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қобда ауданы «Көк үй – Қобда- Көк үй» бағытындағы ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифін осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. "Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    2) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің м.а.

    І. Тынымгереев

    Қаулыға қосымша

    Қобда ауданы «Көк үй–Қобда-Көк үй» бағытындағы ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифі

    Марш­рут ба­ғы­ты
    Бір­лік
    Ба­ға
    1
    Көк үй - Қоб­да
    тең­ге
    700
    2
    Жи­рен­ко­па - Қоб­да
    тең­ге
    600
    3
    Қы­зы­л­жар - Қоб­да
    тең­ге
    500
    4
    Ақ­рап - Қоб­да
    тең­ге
    400
    5
    Жа­рық - Қоб­да
    тең­ге
    300

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.