Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 - бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 - бабына және 50 - бабы 2 - тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы», Қостанай ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы 04 қазандағы № 8 кезектен тыс отырысының хаттамасымен ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Жоғарыда аталған аумақта жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар жүргізілсін.
3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы болып Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Сабитов Данияр Кайратович тағайындалсын.
4. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін;
2) осы шешім Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі
Б. Танжариков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.