Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 қыркүйек 2023 ж.
«Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Төлеби ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 01 желтоқсандағы № 593 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Төлеби ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 01 желтоқсандағы №593 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күніне бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Т.Телғараев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.