Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы «2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 702 қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 қазан 2023 ж.

    Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы «2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 702 қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы №702 «2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің м.а

    Б.Туребеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.