Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу туралы

    Қолданысы тоқтатылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың қолданысы тоқтатылған

    Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу туралы

    «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып қою белгіленсін.

    2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өнім беруші өндірген тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2023 жылғы « »

    № қаулысына

    қосымша

    Ұлттық режимнен алып қоюға жататын, шет мемлекеттерден шығарылатын тауарлардың тізбесі

    Р/с
    Атауы
    ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды
    ТЖҚ БНА
    1
    2
    3
    4
    1.
    А3 форматтарында жазу, басып шығару немесе басқа графикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын қағаз
    4802 56 8000
    172314.500.000001
    2.
    А4 форматтарында жазу, басып шығару немесе басқа графикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын қағаз
    4802 56 2000
    172314.500.000002
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
    ТЖҚ БНА – тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы.
    _____________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.