Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеевка кенттік округі Чаглинка станциясының көшесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Зеренді ауданы Алексеевка кентінің Чаглинка станциясы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 18 сәуірдегі Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алексеевка кенттік округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеевка кенттік округі Чаглинка станциясының келесі көшесі қайта аталсын:
Привольная көшесін Бәйтерек көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімі
Қ.Алхатов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.