2023 жылға Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қазан 2023 ж.

    2023 жылға Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 2 тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған 2023 жылға арналған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі бекітілсін.

    2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жариялау үшін электрондық түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласының әкімі

    Е. Досаев

    Алматы қаласы әкімдігінің

    2023 жылғы 9 қазандағы № 4/534

    қаулысымен бекітілген

    2023 жылға арналған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі

    Ауылшаруашылық өнімінің атауы
    Тереңдете өңделген өнімнің атауы
    Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, (теңге/килограмм)
    1
    Шикі сүт
    Қатты ірімшік
    47

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.