Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қазан 2023 ж.

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 09 қазандағы № 117 ұсынысы негізінде Талшық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ :

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі Үлгілі ауылының Тихая, Набережная, Степная, Молодежная, Садовая және Речная гурт көшелерінде ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Округ әкімі

    Е. Қайыржанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.