Шектеулі іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 10 «Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Тоқшын ауылдық округі, Камышлово ауылында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты ветеринариялық режимін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2- тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2023 жылғы 6 қазандағы № 08-02/771 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Камышлово ауылында брюцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 10 «Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Тоқшын ауылдық округі, Камышлово ауылында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты ветеринариялық режимін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізледі.
Округ әкімі
Б.М. Имантаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.