Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қазан 2023 ж.

    Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:

    1) «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысында:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»;

    1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. 2043 жылға дейінгі кезеңге «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылсын.

    2. Қоса беріліп отырған «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейі бекітілсін.»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже»;

    1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.

    АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 3987,39 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 6 қосалқы аймақ: ауданы 861,75 гектар тарихи орталық, ауданы 1578,64 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар, 35 гектар және 180 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай кіреді.

    2. АЭА:

    1) Түркістан қаласын жеделдете дамыту;

    2) Түркістан қаласының туристік әлеуетін жоғарылату және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасуы мен қазақстандық және шетелдік келуші туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту;

    3) туристерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық база құру;

    4) қатысушылар арасындағы өзара сенім мен достық қарым-қатынасты нығайту;

    5) тауарлардың, капиталдың, көрсетілетін қызметтер мен технологиялардың еркін қозғалысын кезең-кезеңімен жүзеге асыру мақсатында сауда және инвестиция үшін қолайлы жағдайлар жасау, кедендік және транзиттік рәсімдерді одан әрі оңайлату;

    6) шетел инвестицияларын тарту, өнеркәсіптің экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын салаларын дамыту;

    7) озық технологияларды импорттау, шетелдік серіктестердің басқару тәжірибесін алу;

    8) Қазақстан азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құру, персоналдың сапасын және тұтастай алғанда жалпы басқару деңгейін арттыру;

    9) Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің, оның ішінде Каспий бағытындағы көліктік-логистикалық мүмкіндіктерін дамыту мақсаттарында құрылады.»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2) «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 938 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында:

    кестеде:

    1-жолда:

    2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

    «TURAN» АЭА өнеркәсіптік аймағының аумағында инфрақұрылым салу»;

    4-баған мынадай редакцияда жазылсын:

    «ӨҚМ, Түркістан облысының әкімдігі».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2023 жылғы « »

    № қаулысына

    1-қосымша

    «TURAN» арнайы

    экономикалық аймағы

    туралы ережеге

    қосымша

    «TURAN» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

    6 қосалқы аймақтың жалпы ауданы S = 3987,39 га

    _______________________________________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2023 жылғы « »

    № қаулысына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2018 жылғы 29 қазандағы

    № 693 қаулысымен

    бекітілген

    «TURAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары

    Р/с
    Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер (атаулары)
    Өлшем бірлігі*
    Базалық кезең (2018)
    2023 жылға қарай қол жеткізу
    2019
    2020
    2021
    2022
    2023
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    1
    Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде (өсумен):**
    млрд теңге
    19
    21
    71
    96
    110
    125
    2
    Шетелдік инвестициялар көлемі
    млрд теңге
    7
    8
    51
    65
    72
    80
    3
    Отандық инвестициялар көлемі
    млрд теңге
    12
    13
    20
    31
    38
    45
    4
    АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі**
    млрд теңге
    12
    12
    16,8
    17,2
    19,3
    21
    5
    Қатысушылар саны
    компаниялар
    24
    8
    26
    38
    42
    49
    6
    Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар саны
    адам
    10
    4
    12
    20
    31
    40
    7
    АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (өсумен)
    адам
    1630
    1083
    2150
    3321
    3940
    4630
    8
    АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі
    %
    15
    20
    25
    30
    35
    40
    кестенің жалғасы
    Р/с
    2028 жылға қарай қол жеткізу
    2033 жылға қарай қол жеткізу
    2024
    2025
    2026
    2027
    2028
    2029
    2030
    2031
    2032
    2033
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    1
    137
    142
    147
    152
    157
    162
    165
    168
    172
    175
    2
    90
    93
    96
    99
    102
    103
    103
    105
    105
    106
    3
    47
    49
    51
    53
    55
    59
    62
    63
    67
    69
    4
    23
    24
    25
    27
    29
    32
    35
    38
    41
    44
    5
    51
    53
    55
    57
    59
    61
    62
    62
    65
    67
    6
    42
    45
    48
    51
    55
    57
    58
    58
    60
    63
    7
    4940
    5350
    5700
    6050
    6400
    6650
    7000
    7300
    7600
    7800
    8
    42
    44
    45
    46
    47
    48
    49
    49
    49
    49
    Р/с
    2038 жылға қарай қол жеткізу
    2043 жылға қарай қол жеткізу
    2034
    2035
    2036
    2037
    2038
    2039
    2040
    2041
    2042
    2043
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    1
    178
    180
    182
    184
    186
    188
    190
    192
    194
    197
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    2
    106
    106
    106
    108
    108
    108
    108
    110
    110
    110
    3
    72
    74
    76
    76
    78
    80
    82
    82
    84
    87
    4
    39
    40
    42
    43
    44
    44
    46
    48
    50
    52
    5
    69
    71
    73
    73
    74
    76
    78
    80
    82
    85
    6
    58
    59
    59
    59
    65
    65
    65
    66
    66
    66
    7
    8100
    8400
    8700
    9000
    9200
    9400
    9600
    9800
    9900
    10000
    8
    49
    49
    49
    49
    49
    49
    49
    50
    51
    52
    * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
    _______________________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.