«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тәуелсіз директор Джон Дудастың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Мұхаммед Жәмил әл Рамахи «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайлансын.
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қызмет бабында пайдалану үшін;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:
мына:
«
|
Джон Дудас
|
-
|
тәуелсіз директор
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
Мұхаммед Жәмил әл Рамахи
|
-
|
тәуелсіз директор
».
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.