Арыс қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы№ 127 «Арыс қаласының жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы №127 «Арыс қаласының жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27364 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Арыс қаласының аумағында ауданішілік бағыттарға жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 шақырымға 6 (алты) теңге мөлшерінде белгіленсін.»;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Г.Құрманбекова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.