«Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы №06/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 06/02 «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26778 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қаласының әкімі
М. Кожухов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.