Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 5 қазан 2023 ж.
Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан ГАЖ орталығы» акционерлік қоғамы әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.