Сауран аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сауран аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №66 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26411 болып тіркелген) және «Сауран аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №66 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №168 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31533 болып тіркелген) күштері жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Байсбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.