Ордабасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 43/9 «Ордабасы ауданында жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 қазан 2023 ж.

    Ордабасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 43/9 «Ордабасы ауданында жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы»  Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Ордабасы аудандық мәслихатының  «Ордабасы ауданында жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 маусымдағы №43/9  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3254 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Б. Джумабеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.