Ахмет ауылының аумағында карантин белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қазан 2023 ж.

    Ахмет ауылының аумағында карантин белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ахмет ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Құстар арасынан Ньюкасл ауруының анықталғанына байланысты, Ахмет ауылының аумағында карантин белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ахмет ауылының әкімі

    Д. Темиров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.