«Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 115/17-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 115/17-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1098 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімінің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.