Шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2024 ж.

    Шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген), Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шахтинск қаласында, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде хостелдерді, қонақ үйлерді, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

    2. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 237/2 «Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6376-09 тіркелген).

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы

    Ж. Мамерханова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.