Алакөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 249 «Алакөл ауданында стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 қазан 2023 ж.

    Алакөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 249 «Алакөл ауданында стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Алакөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алакөл ауданының әкімдігінің «Алакөл ауданында стационарлық емес сауда объектiлерiн орналастыру орындарын бекiту туралы» 2019 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 249 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5256 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:

    көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Алакөл ауданында стационарлық емес сауда объектiлерiн орналастыру орындарын айқындау және бекiту туралы».

    көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1.Алакөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін».

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    С. Абдинов Алмас

    2023 жылғы 3 қазандағы № 285 Қаулысына қосымша

    Алакөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

    Р/с
    Ста­ци­о­нар­лық емес са­уда обьек­ті­ле­рін ор­на­ла­сты­ру орын­да­ры
    Қыз­мет са­ла­сы
    Ор­на­лас­қан ала­ңы, шар­шы метр
    Са­уда қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ке­зе­ні, жыл
    Жа­қын ор­на­лас­қан ин­фра­құ­ры­лым (ұқсас та­у­ар­лар ас­сор­ти­мен­ті са­ты­ла­тын са­уда обьек­ті­ле­рі, сон­дай-ақ қо­ғам­дық та­мақ­та­ну обьек­ті­ле­рі)
    1
    Көл­бай ауыл­дық окру­гі­нің Көл­бай ауы­лы, Ал­ма­ты-Өс­ке­мен ав­то­мо­биль жо­лы­ның бой­ын­да Құр­ма­нов кө­ше­сі № 2 «Эль­ми­ра» дү­ке­ні­нің жа­нын­да
    Азық-тү­лік және азық-тү­лік емес та­у­ар­лар
    72
    5
    «Эль­ми­ра» дү­ке­ні
    2
    Жа­на­ма ауыл­дық окру­гі­нің Ал­ма­ты-Өс­ке­мен ав­то­мо­биль жо­лын­да­ғы Қа­ра­бұ­лақ ауы­лы­ның бұ­ры­лы­сы­ның оң және сол жақ бой­ын­да
    Азық-тү­лік және азық-тү­лік емес та­у­ар­лар
    100
    5
    Жоқ
    3
    Ыр­ғай­ты ауыл­дық окру­гі­нің Көк­тұ­ма ауы­лы, Қо­на­ев кө­ше­сі­нің №18 және № 26 үй­лер­дің ара­сын­да­ғы алаң
    Азық-тү­лік және азық-тү­лік емес та­у­ар­лар
    100
    5
    Жоқ
    4
    Ыр­ғай­ты ауыл­дық окрі­гі­нің Ақ­ши ауы­лы, Сей­фул­лин кө­ше­сі­нің №47 үй­дің жа­нын­да­ғы алаң
    Азық-тү­лік және азық-тү­лік емес та­у­ар­лар
    120
    5
    Жоқ
    5
    До­стық ауыл­дық окру­гі­нің До­стық ауы­лы, Қо­на­ев кө­ше­сі­нің №5 үй­дің жа­ны
    Азық-тү­лік және азық-тү­лік емес та­у­ар­лар
    100
    5
    Жоқ
    6
    Бес­көл ауыл­дық окру­гі­нің Бес­көл бе­ке­ті До­стық кө­ше­сі­нің № 26 а бой­ы­нан, «Ах­ме­тов» дү­кен­нің жа­нын­да
    Азық-тү­лік және азық-тү­лік емес та­у­ар­лар
    60
    5
    «Ах­ме­тов» дү­ке­ні
    7
    Леп­сі ауыл­дық окру­гі­нің Леп­сі ауы­лы, Әл-Фа­ра­би кө­ше­сі­нің №6 үй­і­нен, «Гор­ный Хру­сталь» ка­фе­сі­нің жа­нын­да
    Азық-тү­лік және азық-тү­лік емес та­у­ар­лар
    36
    5
    «Гор­ный Хру­сталь» ка­фе­сі
    8
    То­қ­жай­лау ауыл­дық окру­гі­нің То­қ­жай­лау ауы­лы, Бө­ген­бай ба­тыр кө­ше­сі­нің №145 үй­дің жа­нын­да­ғы алаң
    Азық-тү­лік және азық-тү­лік емес та­у­ар­лар
    100
    5
    Жоқ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.