Қаулының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қыркүйек 2023 ж.

    Қаулының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы №18 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айырупорындарынан босатылған адамдарды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» қаулысының күші жойылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Оразбековке жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Н.Тұрашбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.