«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қыркүйек 2023 ж.

    «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 354 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32352 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 шілдеде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник

    Р. Жақсылықов

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2023 жылғы «28» қыркүйектегі

    № 961 бұйрығына

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Жол жүру журналы

    _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (орган атауы) Басталды:_____________ Аяқталды:_____________

    Жол жүру журналын толтыру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

    журналдың екі бетінің қайырылатын жерінде айдауыл бастығы титул мәтінін ресімдейді.

    (2-ші және одан кейінгі жұп беттері – қайырылатын жердің сол жағы)

    Қа­был­дау кү­ні
    Қа­был­дау пунк­ті (стан­ция ата­уы, ор­ган ата­уы)
    Же­ке іс нө­мі­рі, же­ке іс бой­ын­ша анық­та­ма­ны жа­са­ған ор­ган ата­уы
    Те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са,егер бір­не­ше бол­са, бар­лы­ғын атап көр­се­ту)
    Ту­ған жы­лы
    Қай мер­зім­ге сот­тал­ды және ме­ке­ме тү­рі (са­на­ты)
    ҚР ҚК-ның қай ба­бы бой­ын­ша сот­тал­ды неме­се ай­ып­та­ла­ды
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    (3-ші және одан кейінгі тақ беттері – қайырылатын жердің оң жағы)
    Ай­да­уыл­мен алып жү­ру үшін негіз (олар­ды шы­ға­ру­шы, нө­мі­рі мен кү­ні көр­се­ті­ле­тін нұс­қау, на­ряд, бұй­рық, өкім, қа­у­лы)
    Қай­да және кім­нің қа­ра­ма­ғы­на жү­ре­ді (қа­ла, стан­ция, ор­ган ата­уы)
    Қай­да тап­сы­ры­лу­ға ти­іс (стан­ция, ор­ган ата­уы)
    То­лық/іші­на­ра тін­ту мен то­лық тек­се­ру­ді кім жүр­гіз­ді (ата­ғы мен те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
    Тін­ту ке­зін­де алын­ған ақ­ша мен тый­ым са­лын­ған заттар тіз­бе­сі, жол жү­ру ке­зе­ңін­де ұстал­ған ка­ме­ра нө­мі­рі
    Ай­да­уыл­да­ғы адам­дар­ды және құ­жат­тар­ды қа­был­да­ған ай­да­уыл ба­стығ­ы­ның неме­се әс­ке­ри по­ли­ция ор­га­ны ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның қол­ха­ты
    9
    10
    11
    12
    13
    14

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.