Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 қыркүйек 2023 ж.

    Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығымен бекітілген әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 16, 18-тармақтарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;

    2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастар бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыруды;

    4) тамақтану үшін ата-ана төлемінің құнын осы қаулыға қосымшаға сәйкес оған қол қойылған күннен бастап белгілеуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    Әкім

    Ж. Қасымбек

    Астана қаласы әкімдігінің

    2023 жылғы «__» _______

    № _________ қаулысына

    қосымша

    Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

    Р/с №
    Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие және оқы­ту ұй­ым­да­рын­да­ғы тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің са­ны
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге ай­ы­на жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар­дың ор­та­ша құ­ны (тең­ге)
    Бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге бір ай­ға ата-ана тө­ле­ма­қы­сы­ның мөл­ше­рі (тең­ге)
    (№ 5, 7 ба­ған­дар­да көр­се­ті­л­ген тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­ді қо­с­па­ған­да)
    Мем­ле­кет­тік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым
    Же­ке­мен­шік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым
    Ша­ғын ор­та­лық
    Са­на­то ри­я­лық мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    1. Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы тү­зе­ту және ин­клю­зив­ті топ­тар.
    2. Тү­зе­ту (ар­найы) мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы жал­пы бі­лім бе­ре­тін топ­тар және то­лық күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық­тар
    Жар­ты күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық
    Са­на­то ри­я­лық мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    1. Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы тү­зе­ту және ин­клю­зив­ті топ­тар.
    2. Тү­зе­ту (ар­найы) мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    Мем­ле­кет­тік, же­ке­мен­шік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым және то­лық күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық
    то­лық күн бо­ла­тын
    жар­ты күн бо­ла­тын
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    1.
    23 826
    35 318
    643
    4 388
    360
    1 971
    46 189
    20 202
    68 404
    81 865
    20 800
    ________________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.