«Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы» Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 39 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы» Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6446-09 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қалалық мәслихатының төрағасы
О. Баймаганбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.