Жалғансай ауылдық округінің құрамдас бөліктеріне жаңа атаулар беру туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қыркүйек 2023 ж.

    Жалғансай ауылдық округінің құрамдас бөліктеріне жаңа атаулар беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жалғансай ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 сәуірдегі қорытындысының негізінде, ШЕШТІМ:

    1. Жалғансай ауылдық округінің учаскелеріне төмендегі атаулар берілсін:

    1) № 1 құрамдас бөлігіне - Жерұйық атауы;

    2) № 2 құрамдас бөлігіне - Шағала атауы.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округі әкімі

    Ғ. Мырзағали

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.