Көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде және Махамбет ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі Махамбет ауылы «Мерей» шағын ауданындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
№ 35 көшеге – Тұхфат Әбішев көшесі;
№ 38 көшеге – Қырықбай Бекбаев көшесі;
№ 39 көшеге – Мәлік Нағиымұлы көшесі;
№ 40 көшеге – Қожа Оразалиев көшесі;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Ауылдық округі әкімі
Р. Әженов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.