Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді алуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді алуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді алуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сарқан ауданының әкімі

    Г. Маманбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Сарқан аудандық

    мәслихатының төрағасы Разбеков М. М.

    _______________

    «_» ___________ жыл

    2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 340 қаулысына қосымша

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді алуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

    1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

    1) әлеуметтік қызметкер;

    2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

    3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

    2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

    1) директор;

    2) библиограф;

    3) кітапханашы;

    4) хореограф;

    5) әдіскер;

    6) ауыл клубының меңгерушісі;

    7) мәдени ұйымдастырушы;

    8) музыкалық жетекші;

    9) көркемдік жетекші.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.