«Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19637 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-ға жіберуді;

    3) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

    Б. Мусин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    бұйрығымен бекітілген

    Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

    № р/с
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    ҚҚС-ты есеп­ке ал­ма­ған­да қыз­мет құ­ны, тең­ге
    1
    Ха­лық­тың те­ле -, ра­дио­ар­на­лар­ды қа­был­дау са­па­сын қо­са ал­ған­да, бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі са­па­сы­ның па­ра­метр­ле­рін өл­шеу жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды орын­дау, сон­дай-ақ ра­дио­жи­і­лік спек­трі­нің, ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­дар­дың және (неме­се) жо­ға­ры жи­і­лік­ті құ­ры­л­ғы­лар­дың мо­ни­то­рин­гі:
    1.1.
    ра­дио­жи­і­лік спек­трі­нің, ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­дар­дың және (неме­се) жо­ға­ры жи­і­лік­ті құ­ры­л­ғы­лар­дың мо­ни­то­рин­гі бой­ын­ша жұ­мыстар­ды орын­дау
    жы­лы­на
    1 қыз­мет
    823 330 347
    1.2.
    бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі­нің са­па па­ра­метр­ле­рін өл­шеу бой­ын­ша жұ­мыстар­ды орын­дау
    жы­лы­на
    1 қыз­мет
    204 883 110
    1.3.
    ха­лық­тың те­ле -, ра­дио­ар­на­лар­ды қа­был­дау са­па­сы­ның па­ра­метр­ле­рін өл­шеу бой­ын­ша жұ­мыстар­ды орын­дау
    жы­лы­на
    1 қыз­мет
    51 690 976
    2
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ра­дио­жи­і­лік­тер ре­сур­ста­рын және ор­би­та­лық по­зи­ци­я­ла­рын ха­лы­қа­ра­лық үй­ле­сті­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды тех­ни­ка­лық сүй­е­мел­деу:
    2.1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ор­би­та­лық по­зи­ци­я­ла­рын ха­лы­қа­ра­лық үй­ле­сті­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды тех­ни­ка­лық сүй­е­мел­деу
    1 спут­ник­тік же­лі
    4 004 445
    2.2.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ра­дио­жи­і­лік­тер ре­сур­ста­рын (же­рү­сті ра­дио­қыз­мет­те­рін) ха­лы­қа­ра­лық үй­ле­сті­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды тех­ни­ка­лық сүй­е­мел­деу
    1 ра­дио­бай­ла­ныс тү­рі
    15 762 146
    3
    Ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­дар­дың электр маг­нит­тік үй­ле­сім­ді­лі­гіне есеп­теу жүр­гі­зу:
    3.1.
    ра­дио­ре­ле­лік стан­ци­я­лар
    1 стан­ция үшін 1 ра­дио­жи­і­лік
    9 513
    3.2.
    ста­ци­о­нар­лық (ба­за­лық) ұя­лы бай­ла­ныс стан­ци­я­ла­ры
    1 сек­тор үшін
    1 стан­ция
    6 579
    3.3.
    те­ле­ди­дар­лық ха­бар та­ра­ту­ға ар­нал­ған ра­дио та­рат­қыш құ­ры­л­ғы­лар;
    эфир­лік-кә­біл­ді те­ле­ди­дар стан­ци­я­ла­ры;
    ды­быст­ық (ра­дио) ха­бар­лар­ды та­ра­ту­ға ар­нал­ған ра­дио та­рат­қыш құ­ры­л­ғы­лар
    1 стан­ция үшін 1 ра­дио­жи­і­лік
    4 450
    3.4.
    спут­ник­тік бай­ла­ны­стың ста­ци­о­нар­лық (жер­де­гі) стан­ци­я­ла­ры
    1 стан­ция үшін 1 ра­дио­жи­і­лік
    3 595
    3.5.
    сым­сыз ра­дио­қол­же­тім­ді­лік жүй­е­ле­рі­нің ста­ци­о­нар­лық (ба­за­лық) стан­ци­я­ла­ры (WLL)
    1 стан­ция үшін 1 ра­дио­жи­і­лік
    13 673
    3.6.
    уль­тра­қы­с­қа­тол­қын­ды ра­дио­бай­ла­ны­сқа және УҚТ-диа­па­зо­ны­на сым­сыз ра­дио­қол­же­тім­ді­лік жүй­е­ле­ріне ар­нал­ған ста­ци­о­нар­лық қа­был­дау-та­ра­ту ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­да­ры;
    тран­кинг­тік ра­дио­бай­ла­ныс жүй­е­сіне ар­нал­ған қа­был­дау-та­ра­ту ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­да­ры;
    ра­дио­те­ле­мет­ри­я­ға ар­нал­ған ста­ци­о­нар­лық (ба­за­лық) қа­был­дау-та­ра­ту стан­ци­я­ла­ры;
    ұзын тол­қын­ды, ор­та­ша тол­қын­ды, қы­сқа тол­қын­ды диа­па­зон­ға ар­нал­ған ста­ци­о­нар­лық ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­да­ры
    1 стан­ция үшін 1 ра­дио­жи­і­лік
    8 890
    4
    Ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның сәй­кестен­ді­ру код­та­ры­ның де­рекқо­рын және або­нент­тік нө­мір­лер­дің ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған де­рекқо­рын қа­лып­та­сты­ру­ды, жұ­мыс іс­те­уді, сүй­е­мел­де­уді және да­мы­ту­ды қам­та­ма­сыз ету, олар­ға қол жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету:
    4.1.
    Ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның сәй­кестен­ді­ру код­та­ры­ның де­рекқо­ры­на қол жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету
    ай­ы­на 1 қыз­мет
    5 444 412
    4.2.
    Або­нент­тік нө­мір­лер­дің ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған де­рекқор ре­сур­ста­ры­на қол­же­тім­ді­лік­ті қам­та­ма­сыз ету:
    4.2.1.
    ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры­на
    ай­ы­на 1 қыз­мет
    3 337 667
    4.2.2.
    қа­ла­ара­лық және ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­на
    ай­ы­на 1 қыз­мет
    188 417
    5
    Ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­дар мен ра­дио­жи­і­лік бе­рі­лім­дер ті­зі­лі­мін (де­рекқо­рын) жүр­гі­зу­ді тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету:
    5.1.
    Ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­дар мен ра­дио­жи­і­лік тоқ­та­у­ла­ры­ның ті­зі­лі­мін (де­ректер ба­за­сын) жүр­гі­зу­ді тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету
    жы­лы­на
    1 қыз­мет
    52 518 179

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.