Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 16/176 «2023 - 2025 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қыркүйек 2023 ж.

    Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 16/176 «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Маңғыстау облыстық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» 2022 жылғы 9 желтоқсандағы №16/176 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

    қазақ тіліндегі 1 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

    «1) Аудан және қала бюджеттерінен облыстық бюджетке 2023 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар -15 067 248 мың теңге, оның ішінде:

    Қарақия ауданынан – 4 136 468 мың теңге;

    Ақтау қаласы – 10 930 780 мың теңге сомасында белгіленсін.»

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихат төрағасы

    Ж. Матаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.