Осакаров ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы «Осакаров ауданының елді мекендерінде көшпелі сауда үшін орындарының тізімін бекіту туралы» № 07/01 қаулының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы № 213-І «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40 бабы 2 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы «Осакаров ауданының елді мекендерінде көшпелі сауда үшін орындарының тізімін бекіту туралы» №07/01 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-143 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 сәуірдегі №20 (7244) «Сельский труженик» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы В.Абилсеитоваға жүктелсін.
Аудан әкімі
Қ. Шайжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.